АЭС – қауіпсіз ғана емес, ең сенімді энергия көзі

24

Еліміздің дамуы мен тұрақтылығы үшін энергияны үнемді әрі сенімді жолмен алу бүгінгі заманның талабы. Атом электр станциясы – табиғи ресурстарымызды сақтап, экологияны қорғауға бағытталған қадам.
Бүгінгі таңда энергия тапшылығы көптеген елдерде өзекті мәселеге айналып отыр. Атом электр энергиясы экологиялық тұрғыдан қауіпсіз, оның көмір және газ электр станцияларынан айырмашылығы – көмірқышқыл газын шығармайды және көптеген жылдар бойы тұрақты қуат көзі болады.
Атом электр станциясы – экономиканың дамуына тың қуат беретін және Тәуелсіз Қазақстанның жаңа қалыптасу бетін ашатын болашақтың жобасы.
Атом электр станциясын салудың артықшылықтары:

  • Экологиялық таза
  • Тұрақты энергия көзі
  • Экономикалық тиімділік
    АЭС өте үлкен мөлшерде электр энергиясын өндіре алады, бұл Қазақстан сияқты кең аумақты елдер үшін маңызды. Ол өнеркәсіптік және тұрмыстық қажеттіліктерді бірдей қамтамасыз етіп, электр тапшылығын жоюға ықпал етеді. Сондай-ақ, АЭС ұзақ уақыт жұмыс істей алады және ядролық отынның энергия сыйымдылығы жоғары болғандықтан, аз отынмен көп мөлшерде энергия өндіруге мүмкіндік береді. Бұл электр энергиясының өзіндік құнын төмендетіп, тапшылық мәселесін шешуге көмектеседі.

Отырар аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Ж.Көлбай