Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптасуы маңызды
Сыбайлас жемқорлықпен күресу әлемдегі және еліміздегі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Күн сайын барлық жерлерде осы бір індеттің алдын алу бойынша айтылғанымен, сыбайлас жемқорлық санатындағы қылмыстардың азаймай тұрғанына куә болып келеміз. Осы ретте Түркістан қаласының тұрғындарының назарына сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, оның тәуекелдерін жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы дамыту бағытында елімізде атқарылып жатқан түрлі шаралар туралы мәләметтерді ұсынамыз. Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендетіп, қоғамның дамуын тежеп, елдің халықаралық беделін түсіретіні белгілі. Ең бастысы — азаматтардың заң мен әділдікке деген сеніміне кері әсер етеді. Сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу.
Қоғамдағы осы қылмыстарға жаза беру – Қазақстан Ресупбликасының Қылмыстық кодексінде көрсетілген. Яғни кодекстің 15-тарауында мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы айтылған. Өз кезегінде мұндай қылмыстарға лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану; билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану; лауазымды адамның өкiлеттiктерін иемденіп алу; кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу; заңды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі жасау; пара алу, беру; парақорлыққа делдал болу; қызметтiк жалғандық жасау және қызметтік әрекетсіздік санаттары жатады.Осы жерден көретініміздей мемлекеттік функциясын іске асыру міндеті жүкетелген адамның қызметін теріс пайдалу және оны ақшағы сату болып табылады.Мұндай қасіреттің алд ын алу үшін заңның қаталдығы, сонымен қатар әрбір адамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет болуы қажет. сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілеті. Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті дегеніміз, ол сол тұлғаның қоғам қауіпсіздігіне және игілігіне сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы білімін қамтитын қасиеті. Ол индивидтің жай ғана сыбайлас жемқорлықты төзбеуі ғана емес, сонымен қатар оны жоюға, онымен күресуге талпынуы болып табылады. Сот жүйесінде де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар ұдайы жүргізіліп отырады. Қызметкерлер және сотқа келуші тараптар ғимарат ішіне кірерде жіті тексеріледі. Сот ғимаратының сыртында және ішінде бақылау камералары орнатылған. Оқу, семинар сабақтары ұдайы өткізіліп отырады. Яғни соттағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары жиіс өткізіліп келеді. Әрбір қоғам дамуының жақсы жағымен қатар көлеңкелі тұсы да қатар жүретіндіктен, елдің әлеуметтік хал-ахуалының жақсарып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуді, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту — әрқайсымыздың азаматтық борышымыз болып табылады.
Сыбайлас жемқорлықты феномен ретінде қоғамдық санадан, оның белгілі бір әлеуметтік жағдайларда қалыптасуы мен өзгеру динамикасынан бөліп қарастыруға болмайды. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар, оларды тергеу, кінәлілерді жауапкершілікке тарту – мамандардың ісі,
бірақ осы жұмыстың нәтижелері, сыбайлас жемқорлық тәуекелдің туындау себептеріне қатысты еліміздің әрбір азаматының өзіндік жеке пікірі болуы тиіс. Ол өзінің жеке бағдарларын, адамгершілік ұстанымдарын, діни идеяларын басшылыққа алуы тиіс, сондықтан оның сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері туралы түсінігі нормативтік және ғылыми дефинициялардан ерекшеленуі мүмкін. Қоғамдық өмірдің жағымсыз құбылысы ретінде сыбайлас жемқорлық
қоғамдық айыптауды туындатады, алайда әртүрлі әлеуметтік топтарда оларға төзімділік дәрежесі бірдей емес. Өмірінде сыбайлас жемқорлық фактілерімен ұшырасқан әрбір адам оны азамат пен мемлекет өкілі арасындағы өзара қарым-қатынаста, азаматтардың өз арасында және
бизнес саласында орын алмауы тиіс қоғамдық зұлымдық ретінде бағалайды. Моральдық нормалар мен олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудағы рөлі. Адамзат өркениеті тарихында діни ілімге негізделген мораль нормалары тұлғаның қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Адамның моральдық қағидаттарды саналы түрде сақтауы оның сыбайлас жемқорлыққа деген қатынасы бойынша ұстанымына байланысты. Ол оны кез келген мемлекеттік құрылыстың мәңгі жолсерігі немесе нақты қарсы тұра алатын және қарсы тұру қажет жағымсыз қоғамдық құбылыс ретінде қабылдайды. Сыбайлас жемқорлық қоғамдық зұлымдық ретінде қоғамға
ыдыратушы ықпал етеді. Әсіресе бұл адамдардың қылмыстық мінез құлқын, сыбайлас жемқорлық фактілерін Интернет желісіне қол жеткізетін тіпті оқушылардан жасыра алмайтын қазіргі ақпараттық технологиялар ғасырында қауіпті. Жастарды тәрбиелеудегі кемшіліктер
мен қателіктер, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық ықпал үшін әлсіз санаттарына тиісті көңіл бөлмеу аса жағымсыз салдарға әкеледі.
Сыбайлас жемқорлық дендеген адамдардың адуындығы мен арсыздығы, олардың қылмыстық қызметінің нәтижелері адамгершілік құндылықтарының құнын жояды және қоғамның адамгершілік ұстанымдарын әлсіретуі мүмкін. Адамгершілік, әділдікке сену, этикалық мінез-құлық нормаларын сақтау қажетті жағдайлар кешенін білдіреді. Осы құрамдас бөліктерсіз сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптаса алмайды және мемлекеттік жазалау саясаты пәрменді бола алмайды. Мінез-құлық актілеріндегі моральдық қағидаттардың басымдығының
құқықтық тыйымдар немесе қылмыстық аңду қаупіне қарағанда әсері көп. Мораль, оның жазылған және жазылмаған заңдары болмауы тиіс салаларға «ақша» ережелерін енгізуге қарсы тұра алады, анықталуы бойынша сатып алуға болмайтын нәрсе ақылы алу үшін қолжетімді болаалмайды: құрмет, лауазым, дәреже және көптеген басқалар, олардың қоғам алдындағы құндылығын түсіруі мүмкін. Сыбайлас жемқорлықты елдегі адамдар әділетсіздік деп негізді түрде қабылдайды. Бұл жерде әрбір адам өздері байқайтын болмысты оның санасында қалыптасқан тәрбие мен идеологиялық ұстаным негізінде адамгершілік тұрғысынан
бағалайтынын тағы да атап өткен жөн. Егер адамгершілік ережелердің кешені жұмыс істемесе, қоғам азғындаған, ал мемлекет – әлсіз болады, егер социум өмірінде мораль тиісті орын алмаса, азғынданған қоғамның болашағы жоқ. Адамгершілік және қылмыстық идеология қақтығысы. Сыбайлас жемқорлықтың жағымсыз қоғамдық құбылыс ретіндегі ерекшелігі қоғамдық процестер өзгерісінде өте жылдам қозғалғыш келеді, оның қауіптілігін елемеу әртүрлі тәртіптің шығындарына әкеледі.