Мұрат Жолдыхожаев, Ұлттық “Жекпе-жек” спорт федерациясының президенті, Шымкент қаласы мәслихатының депутаты: АССАЛАУМАҒАЛЕЙКУМ, ҚАЗАҚ ЕЛІ!

424

Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, фракция мүшесі ретінде Жастар арасындағы әлем чемпионы Кәсіби бірінші орта салмақта WBC Youth World нұсқасы бойынша жастар арасында әлем чемпионы , WBC Asia , WBA Continental, NABF және WBC Francophone чемпионы Ахмедов Садриддин Алиханұлымен КАНВАССИНГ кездесу өткіздім.

Садриддин Алиханұлы өзінің спорт саласындағы жеткен жетістігімен бөлісіп, спорт саласы мен партияның қызметі жайында сөз қозғадық. Кездесу барысында «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Шымкент қаласы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының ағымдағы жылдың 10 айында орындалуы жайында өрбіді.

Сайлауалды бағдарламада көрсетілгендей бұқаралық спортқа қолайлы жағдай жасап, қала тұрғындарын жаппай спортқа тартуды мақсат етіп отырғанымызды нақты айтып өттім. Сонымен қатар спорт саласында көптеген тың жобалар жайында пікірлесіп, біздің партияның халықтық сипатқа ие болып жатқанын кәсіби боксшы тілге тиек етті. Алдағы уақытта атқаратын тірліктерінің ауқымы ұлғая беруіне тілектестігін білдірді.
“ARA-ақпарат”