ШЫМКЕНТТЕ 5 ЖЫЛДА ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК САНЫ 2 ЕСЕГЕ АРТАДЫ

282
Шымкент қаласында 2020 жылға дейін 6 млн жасыл желек бар болатын. Биыл 9 айда тағы 300 мың ағаш көшеттері отырғызылды. 2021-2025 жылдар аралығында 6,5 млн. жасыл желек егу жоспарлануда. Нәтижесінде 2025 жылға қала аумағында 12,5 млн. жасыл желек болады.
Бүгінде қалада 9 саябақ, 39 гүлзар бар. Мегаполисті абаттандыру жəне қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында «Алатау» саябағының құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді.
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласының көгалдандыру жоспары əзірлену үстінде.
Жоспарға сәйкес, қала бойынша атмосфералық ауаның жай-күйі жөнінде халықты хабардар ету үшін ауаның ластануын қадағалайтын 10 датчик орнатылады. Ол ақпараттар қаладағы LED экран арқылы жарияланып тұратын болады.