Тазалықты сақтау — әр адамның міндеті
Шымкент қаласының тазалығын қамтамасыз ету мақсатында Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының мамандары тәртіп сақшыларымен бірлесе қатты қалдықтарды дұрыс шығару бойынша рейд жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп отырады. Кезекті тексеру жұмыстары кезінде Қазиев көшесі бойындағы 5 кәсіпкерлік нысанда заңбұзушылықтар анықталды. Аталған көше бойына құрылыстық және тұрмыстық қалдықтарды тастағаны үшін 5 азаматқа ескерту беріліп, хаттама толтырылды.
Жалпы жыл басынан бері Әл-Фараби ауданында ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабына сәйкес 1 715 хаттама толтырылып, айыппұлдар салынды.
Барша тұрғындар мен жеке кәсіп иелерін қаламызды таза ұстауға, қоқысты арнайы орынға шығаруға шақырамыз!