Алкогольге және шылым шегуге қарсы шаралар халық денсаулығын қорғау үшін қажет

22

Алкогольге және шылым шегуге қарсы шаралар халық денсаулығын қорғау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында маңызды орын алады. Осы орайда Түркістан қаласы тұрғындарының назарына аталмыш бағытта елімізде атқарылып жатқан шараларды ұсынамыз. Бүгінде Қазақстанда алкоголь және шылым шегуге қатысты құқықтық шектеулер күшейтілуде. Бұл шаралар ең алдымен жастарды қорғауға және жалпы қоғамда зиянды әдеттерді азайтуға бағытталған. Негізінен алкоголь өнімдерін сату мен тұтыну 21 жасқа толмаған адамдарға тыйым салынған. Сонымен қатар, алкоголь өнімдерін түнгі уақытта саудалауға шектеу қойылған, яғни сағат 23:00-ден кейін сату заңсыз болып табылады. Одан бөлек, шылым шегуге қатысты да осындай шектеулер енгізілді, темекі өнімдерін сату жас мөлшері бойынша шектелген және оларды жарнамалау қатаң тыйым салынған. Сонымен қатар, алкоголь және шылым өнімдеріне акциздік салықтар жыл сайын артып келеді. Бұл шаралардың басты мақсаты — зиянды заттардың қолжетімділігін төмендету және тұтынушыларды денсаулыққа зиянды әдеттерден арылтуға ынталандыру. Салықтың жоғары болуы нәтижесінде, баға да қымбаттап, көптеген адамдар темекі мен алкоголь өнімдерінен бас тартуға мәжбүр болады. Бүгінгі таңда темекі шегудің адам ағзасына зияны туралы білмейтін бірде-бір адам қалмады. Сонымен қатар, көптеген елдер темекіге қарсы түрлі заңдар енгізеді. Мұның бәрі кейбір оң өзгерістерге әкелді, бірақ мәселе әлі де шешілмейді, өйткені көптеген адамдар өз ағзаларын және айналасындағы адамдардың ағзаларын уландырып, темекі шегуді жалғастыруда. Темекіге қарсы күресте өте маңызды шара-тәуелді адамдарды емдеу ғана емес, сонымен қатар жасөспірімдер мен балалар арасында никотинге тәуелділіктің алдын алу. Темекі шегу-темекі шекпейтін адамдардың денсаулығына теріс әсер ететін және қоршаған ортаны ластайтын, темекі шегуші организмінің никотинге тәуелділігін тудыратын темекі бұйымын тұтыну процесі. Темекіге тәуелділіктен арылу процесі әрдайым дерлік ұзақ, психологиялық қиын. Өсіп келе жатқан проблеманың бір аспектісі-балама өнімдердің кең таңдауының болуы.

Қазақстанда қазір темекі шегушілердің саны азайды. Жастар салауатты өмір салтын, дене шынықтыру мен спортты көбірек ұнатады. Сонымен қатар, Қазақстанда темекі шегудің алдын алу белсенді жүріп жатыр.Алдын алу шаралары тұрақты дене шынықтыру жаттығуларын яғни, жүзуді, велосипедпен жүруді, шаңғымен жүруді, фитнес-клубтарда жаттығуды, туристік жорықтарды қамтиды. Осы факторлардың барлығы жастар мен ересектер арасында елдегі темекі шегушілер санының азаюына алып келеді. Нормативтік-құқықтық база жетілдірілуде, оған сәйкес қоғамдық орындарда темекі шегуге, 21 жасқа толмаған адамдарға темекі сатуға тыйым салынды. Темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді, электрондық тұтыну жүйелері мен олар үшін сұйықтықтарды тұтынуды профилактикалау және шектеу халықтың денсаулығын оларды тұтыну салдарларынан қорғауға және тәуелділіктің, оның ішінде никотинді жеткізу және тұтыну құралдарының жаңа түрлерінен туындайтын тәуелділіктің туындауының алдын алуға бағытталған темекі, темекіні қыздыруға арналған жүйелер, электрондық тұтыну жүйелері, кальян, сондай-ақ халықтың өмір мен денсаулық үшін жоғары қауіп факторы ретінде темекі өнімдерін тұтынуға қатынасын қалыптастыру.

Алкоголь мен темекі өнімдерін жарнамалауға қатысты Қазақстанда қатаң шектеулер енгізілген. Мысалы, бұл өнімдерді БАҚ арқылы жарнамалауға толық тыйым салынған. Бұл шара әсіресе жастар арасында алкоголь мен темекіге деген қызығушылықты төмендетуге бағытталған, өйткені жарнама арқылы зиянды өнімдер танымалдыққа ие болады. Қоғамдық орындарда шылым шегуге тыйым салу да маңызды шаралардың бірі. Қоғамдық көліктерде, мекемелерде, саябақтар мен демалыс орындарында шылым шегуге шектеу қойылып, арнайы белгіленген орындарда ғана шегуге рұқсат беріледі. Бұл тыйымдар қоғамның денсаулығын қорғауға, әсіресе балалар мен шылым шекпейтін адамдарды зиянды түтіннен сақтауға бағытталған. Шылым шегуге арналған арнайы орындардың болуы да шекпейтін адамдарды қорғауға мүмкіндік береді, ал бұл қоғамда салауатты өмір салтын насихаттаудың маңызды бөлігі саналады. Халықтың зиянды әдеттерден арылуы үшін ақпараттық-насихаттық жұмыстардың рөлі зор. Қазақстанда мектептер мен университеттерде зиянды әдеттердің денсаулыққа тигізетін зияны туралы арнайы лекциялар мен семинарлар өткізіледі. Жастарға темекі шегу мен алкоголь ішудің зияны түсіндіріледі, бұл әсіресе мектеп жасындағы балалар мен студенттер үшін маңызды. Денсаулық сақтау саласында да үгіт-насихат жұмыстары белсенді жүргізілуде. Арнайы бейнероликтер, жарнамалар, әлеуметтік желілер арқылы халыққа темекі мен алкогольден келетін зиян туралы ақпарат таратылады. Бұл ақпараттық шаралар адамдардың салауатты өмір салтын таңдауына ықпал етеді.

Алкоголь және темекіге тәуелді адамдарға арнайы медициналық көмек көрсету жүйесі де маңызды рөл атқарады. Қазақстанда шылым шегуді тастауға және алкогольге тәуелділіктен арылуға бағытталған бағдарламалар бар. Бұл бағдарламалар аясында тегін кеңес беру қызметтері, психологиялық қолдау және емдеу ұсынылады. Әсіресе, мемлекеттік емханаларда арнайы орталықтар ашылып, халыққа қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар, психологиялық көмек көрсететін мамандардың болуы да адамдардың зиянды әдеттерден арылуына септігін тигізеді.
Қазақстан халықаралық деңгейде де алкоголь мен темекіге қарсы күрес шараларына белсене қатысады. Мысалы, ел Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының (БДҰ) темекі шегуге қарсы күрес туралы конвенциясына қол қойды. Бұл құжат темекі өнімдерін тұтынуды азайтуға және шылым шегуге қарсы заңнамалық шараларды күшейтуге бағытталған. Халықаралық тәжірибелерді қолдану, басқа елдердің тиімді шараларын енгізу Қазақстанның бұл бағыттағы жұмысын күшейтуге мүмкіндік береді. Жалпы, алкоголь және шылым шегуге қарсы шаралар Қазақстанда халық денсаулығын сақтау мақсатында жан-жақты жүзеге асырылып жатыр. Заңнамалық шектеулер, экономикалық ынталандырулар, түсіндіру жұмыстарымен қатар, мемлекеттік қолдау бағдарламаларының болуы — осы зиянды әдеттермен күрестегі маңызды қадамдар болып табылады.