Темекіге қарсы қоғам болып күресу қажет

23

Еліміздің «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында азаматтарымыздың жат әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануы қажет екені баса көрсетілген. Бүгінде елімізде алкогольге және шылым шегуге қарсы шаралар атқарылып келеді. Осы орайда Түркістан қаласының тұрғындарының назарына темекімен күресу жолында атқарылып жатқан шаралар бағытында ақпараттарды ұсынамыз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жүргізген зерттеулердің нәтижесі бойынша, Қазақстанда ер адамдардың 44%-ы темекі шегеді, 54%-ы ішімдік ішеді. Өкініштісі сол, Қазақстан Еуропа аймағы бойынша алкоголь тұтынудан алдыңғы орында.Мамандардың айтуынша, елімізде темекі тартатын адамның саны 4 миллионға жетеді. Темекіге тосқауыл қоюдың және өлім-жітімді төмендетудің тиімді жолы – салықты көтеру. Сонымен қатар қоғамдық орындарда шылым шегетін орындар жойылуы мүмкін. Өйткені қазір мамандар осы мәселені қызу талқылап, кодекске өзгеріс енгізу керегін айтып жатыр. Қазақстанда алкоголь және шылым шегуге қатысты құқықтық шектеулер күшейтілуде. Бұл шаралар ең алдымен жастарды қорғауға және жалпы қоғамда зиянды әдеттерді азайтуға бағытталған. Алкоголь өнімдерін сату мен тұтыну 21 жасқа толмаған адамдарға тыйым салынған. Бұдан басқа, алкоголь өнімдерін түнгі уақытта саудалауға шектеу қойылған, яғни сағат 23:00-ден кейін сату заңсыз болып табылады. Шылым шегуге қатысты да осындай шектеулер енгізілді, темекі өнімдерін сату жас мөлшері бойынша шектелген және оларды жарнамалау қатаң тыйым салынған.

Сонымен қатар, алкоголь және шылым өнімдеріне акциздік салықтар жыл сайын артып келеді. Бұл шаралардың басты мақсаты — зиянды заттардың қолжетімділігін төмендету және тұтынушыларды денсаулыққа зиянды әдеттерден арылтуға ынталандыру. Салықтың жоғары болуы нәтижесінде, баға да қымбаттап, көптеген адамдар темекі мен алкоголь өнімдерінен бас тартуға мәжбүр болады. Бүгінгі таңда темекі шегудің адам ағзасына зияны туралы білмейтін бірде-бір адам қалмады. Сонымен қатар, көптеген елдер темекіге қарсы түрлі заңдар енгізеді. Сарапшылар темекі шегушілердің өзіне «тыйым салудан» гөрі темекі шегушілерге зиянды азайтуға ұмтылуды жақтады. Тыйым салу шаралары – ересек адамның таңдау құқығынан айыру. Темекі шегушілерге тыйым салудың орнына, зиянды азайту мүмкіндіктері туралы хабарлау керек және егер олар темекіні тастағысы келмесе, түтінсіз баламаларға көшуге ынталандыру керек. Мұнда Англияның мысалын келтіре кетуге болады. Бұл елде денсаулық сақтау саласындағылар темекі шегетіндерге темекімен күрестің жаңа жоспары аясында зиян әдеттен бас тартуы үшін тегін вейп бөлуді ұйғарған. Англияның денсаулық сақтау министрі Нил О’Брайен бұл саясат тыйым салудан гөрі «тұрғындарға темекіні тастауға көмектесуге» бағытталғанын атап өтті.

Өз кезегінде қазақстандық «Денсаулық» зиянды азайту ұлттық қауымдастығының сарапшылары да зиянды азайту тек темекі шегуге қарсы күресте ғана емес, сонымен қатар, Қазақстанда өлім-жітімнің негізгі себебі болып отырған жұқпалы емес аурулардың даму қаупін азайтуда тиімді екенін бірнеше рет атап өткен. Ғалымдардың пікірінше, темекі шегуге және зиянды азайтуға қарсы күресте күш-жігерді біріктіру керек, ал үкіметтер мәселені түсінбестен жетістікке жету мүмкін болмайды. Атап айтқанда, сарапшылар тобы инновациялық әлеуетті зияны азырақ өнімдерге сараланған салық салуды ұсынды. Экономикалық тұрғыдан алғанда, сарапшылардың пікірінше, құрамында никотин бар азырақ зиянды өнімдерге қоғамдық денсаулық сақтау мен экономикаға тигізетін пайдасы бойынша аз салық салынуы керек. Осыған ұқсас тәсіл бірқатар елдерде алкогольге қолданылады, мұнда күшті сусындарға жоғары акциз, ал күштілігі азырақ сусындарға төменрек акциздер салынады. Ғылыми қоғамдастықтың темекі шегу мәселесіне көзқарасы 2021 жылғы 8-12 қарашада өтетін ДДҰ темекіге қарсы күрес жөніндегі Негіздемелік конвенция тараптарының Конференциясы (Conference of the Parties) қарсаңында ерекше маңызды. Конвенцияға 130 ел қосылды және бұл БҰҰ тарихындағы ең кең таралған шарттардың бірі болып табылады. ДДҰ ТҚНК темекі эпидемиясының жаһандануына жауап ретінде әзірленді, бірақ әзірге онда жасалған ұсыныс шаралары әлемдегі темекі шегушілердің санын айтарлықтай азайта алмады. Ғылыми қауымдастық ұсынатын зиянды азайтуға негізделген темекіге қарсы күрестің жаңа тәсілі алдағы конференцияда қаралуы және ескерілуі қажет.

Ертең – бүгіннен басталады. Сондықтан да, ата-аналар, оқытушылар, психологтар, дәрігерлер бірлесе отырып денсаулықты алдын-ала берген ақыл-кеңеспен, өздерінің дұрыс мінез-құлықтары арқылы сақтап қалу біздің міндет. 31 мамыр – Дүниежүзілік темекіден бас тарту күні. “Темекі түтінінен азат Қазақстан үшін” коалицияның мәліметінше, 2-8 миллион қазақстандық темекі шегеді. Оның 38%-ы ер адам, 6-11%-ы әйелдер. Ал балалардың 13%-ы кальян шегеді. Сонымен бірге кальян ересектер арасында ғана емес, жасөспірімдер арасында да кең таралып, тұтынушылар көбейген. Қазақстандықтардың 4-5%-ы glo, iqos сияқты қыздырылған темекіні жиі шегетін болған. Жалпы шылым шегу – алкогольдік ішімдік ішу, нашақорлық сияқты адам ағзасында ауру тудыратын қауіп-қатер факторларының бірі. Бүгінгі күні осы зиянды әдет медициналық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік проблемаға да айналды. Дүниежүзінде 1 млрд адам темекі тартады. Жылына темекі тартушылық салдарынан болатын түрлі аурулардан әлемде 6 миллион адам қайтыс болады екен. Оның 600 мыңы балалар мен жасөспірімдер. Қазақстан Республикасында 3,2 млн, яғни 33% адам темекі тартады. Қазақстандағы қыз-келіншектердің 9,8 пайызы нағыз темекі тартқыштар саналса, 12 жастан асқан балаларымыздың 7,5 пайызы темекіге әуестік дертіне ұшыраған. Қыз-келіншектердің арасындағы темекі тартушылық 18-25 жас аралығында өршіп тұрған жайы бар. Себебі, балалар жаман нәрсеге үйір келеді, әрі олар темекі тартуды есею белгісі ретінде қабылдайды. Дәрігерлердің пікірінше жасөспірімдердің ағзасы темекінің құрамдас бөлігі улы никотинге тез үйір болады. Шылым шегуден әйелдер мезгілінен ерте қартайып, жүкті кезінде әртүрлі ауруларға жиі ұшырайды. Халықаралық санақ мәліметіне қарағанда шылым шегетін әйелдерден туған балалардың арасындағы өлім жайттары шылым шекпейтін әйелдерге қарағанда 40 пайызға жоғары. Шылым шегу шылымқордың тәуекел факторы деген пікірдің белгілі мағынасын қазіргі күнде тереңірек түсіну керек. Шылым шегу белгілі емдеуді талап ететін аурудың бір түрі.Көп жылғы халық пен әрбір адамның денсаулығына темекінің әсерін тексерген эпидемиологиялық зерттеулер көптеген аурулардың пайда болуымен және темекі түтінін ұзақ жұтудың арасында өзара байланыс бар екенін дәлелдеп отыр.Мұндай ауруларға өкпенің, ұйқы безінің, қуықтың, еріннің қатерлі ісіктері, жүректің сазып ауруы,гипертониялық ауру, қантты диабет және өкпенің созылмалы тарылу аурулары жатады. Жоғарыда жазылған аурулардың үш нозологиялық тобы темекіден болған өлім жітімнің кең тараған себепкері болып саналады.