Ішімдік пен темекі: болашаққа қауіпті тәуелділіктер

30

Қазақстан Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының темекіге қарсы күрес конвенциясының принциптеріне үн қосып, елімізде темекі өнімдерін шығаратын өндіріс санын біршама қысқартты. Темекі өнімдерін жарнамалауға тыйым салынып, қоғамдық орындарда шылым шегуге шектеу қойды. Осы тұста, Түркістан қаласында шылым шегу мен алкогольден арылу бағытында түрлі шаралар өткізілуде. Сондай-ақ, Түркістан қаласының тұрғындарының назарына аталмыш бағытта елімізде атқарылып жатқан шаралар жөнінде мәліметтерді ұсынамыз. Ішімдік пен темекі – бүгінгі қоғамда кең таралған зиянды әдеттер. Олардың адам ағзасына әсері туралы көп айтылғанымен, бұл тәуелділіктердің ұзақ мерзімді зияны кейде ескерусіз қалуы мүмкін. Алайда, ішімдік пен темекі тек қана денсаулыққа ғана емес, сонымен қатар адамның болашағына да қауіпті. Ішімдік пен темекі адам ағзасына кері әсер ететін негізгі факторлардың бірі болып табылады. Олар көптеген созылмалы аурулардың дамуына әкеледі. Ішімдік бауыр циррозына, жүрек-қан тамырлары ауруларына, асқазан-ішек жолдарының бұзылыстарына себеп болуы мүмкін. Темекі шегу өкпе рагы, созылмалы бронхит және басқа да тыныс алу жүйесі ауруларының басты себебі.

Бұл тәуелділіктер тек физикалық емес, психологиялық тұрғыдан да зиян келтіреді. Ішімдік және темекі адамның эмоционалдық күйін өзгертіп, стрессті уақытша жеңілдеткендей әсер қалдырады. Алайда, бұл тек қысқа мерзімді әсер болып табылады, өйткені уақыт өте келе адамның психикалық денсаулығы нашарлай түседі. Ішімдікке және темекіге тәуелділік адамның өзін-өзі бақылау мүмкіндігін төмендетіп, ішімдік пен темекіге тәуелділік адамның қаржылық жағдайына да айтарлықтай әсер етеді. Бұл өнімдер қымбат, сондықтан оларға кететін шығындар уақыт өте келе өсіп, адам өмірінің басқа маңызды аспектілеріне арналған қаржыны азайтуы мүмкін. Әсіресе жасөспірімдер мен жас адамдардың өмірінде бұл тәуелділіктер білім алуға, мансаптық өсуді қолдауға қажетті ресурстарды жоғалтуға әкелуі ықтимал. Айта кетейік, әлемде 7 миллиардтан астам халықтың үштен бірі ішімдік ішеді екен. Біздің ел де ішімдікке құмар елдердің қатарынан көрінеді. Халық тұтынатын ішімдіктің бір жылдық мөлшерін жан басына шаққанда 12 литр арақ, 31 литр сырадан келеді екен. Соңғы дерек бойынша Қазақстанда бір жылда 261,5 миллион литр сыра өндірілген. Сарапшылардың есебінше, Оңтүстік Қазақстан — алкогольді сусындарды ең аз ішетін өңір. Мұндағы көрсеткіш көш басындағы өңірден 20 есе аз. Арақ ішуден Ақмола облысы көш бастап тұр. Мұнда 15 жастан асқан тұрғындардың әрқайсысына жылына 6 литр ішімдіктен келеді. Ал аз ішетін өңір оңтүстікте небары 300 грамнан. Арақ атамыздан қалған ас емес. Қоғам да одан біржола, бір демде арылып кете алмайтыны түсінікті. Бірақ бүгінде елімізде арақ сатылмайтын, ішімдік ішілмейтін ауылдар саны көбейіп келеді. Ол ауылдардың дүкендерінде ішімдік атаулы сатылмайды, темекі тартылмайды, дастарханға арақ-шарап қойылмайды. Осылайша бүкіл елге үлгі болып отырған ауылдар елімізде қаптап келеді. Олар: Түркістан облысы Жетісай ауданына қарасты Алмалы ауылында 159 отбасы, яғни 1187 адам тұрады. Осы облыстың Ордабасы ауданына қарасты Жусансай ауылында да арақ түгілі темекі сатылмайды. Жусансай ауылында 1100 тұрғыны бар 120 шаңырақ түтін түтетіп отыр. Ауылда 3 дүкен бар. Ешқайсысында ішімдік сатылмайды. Арақ тек оңтүстік облыстарда ғана емес, солтүстік облыстарда да сатылмайды. Атап айтсақ, Солтүстік Қазақстан облысының Теңдік елді мекенінің тұрғындары 16 жылдан бері дастарханына арақ-шарап жуытпапты. Содан бері бұл ауылда ұрлық-қарлық, қылмыс деген атымен болмаған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлемнің 7,7 млрд-тан аса тұрғынының шамамен 1 миллиарды темекі шегеді. Жылына соның салдарынан әлемде түрлі аурулардан 5 млн адам көз жұмады екен. Мемлекет басшысы 19 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойған болатын 2024 жылдың 20 маусымынан бастап темекі шегуге болмайтын, темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістендіргіштерді және оларға арналған сұйықтықтарды сатуға және таратуға сондай-ақ, оларды жарнамалауға тыйым салу күшіне енеді. Сенат депутаттары палатаның 2024 жылғы 14 наурыздағы жалпы отырысында вейптерді әкелуге және таратуға тыйым салуды көздейтін заң жобасын Мәжіліске қайтарды. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев 15 наурызда өткен үшінші Ұлттық Құрылтайда Қазақстанға вейптерді әкелуге және таратуға тыйым салу туралы айтты. Оның айтуынша, вейпинг балалар мен жастардың денсаулығына, демек, ұлтымыздың болашағына үлкен зиян келтіреді.

Соған қарамастан күрес әлдеқашан қолға алынды және жалғасуда. Мәселен, темекі дақылдарының өсуін қысқартатын негіздемелік конвенция бар, арнайы қоғамдық ұйымдарға бюджеттен ақша да бөлінеді.Мәселен, осыдан он жыл бұрын алкоголь мен шылымға қарсы шаралар үшін 200 миллион қаржы қарастырылған. Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сүйенсек, осыншама сома темекінің зиянын хабарлау, оның алдын алу, қоғамдық орындарда темекіге деген теріс көзқарасты қалыптастыруға бағытталған. 2016 жылы шылым шегудің алдын алу бойынша 4 әлеуметтік тапсырыс орналастырған. Дәл осы жылы 61 үкіметтік емес ұйым жалпы бағасы 185 миллион теңгеден асатын 115 жобаны жүзеге асырған. Ішімдік пен темекі адамдардың әлеуметтік қатынастарына да кері әсер етеді. Бұл тәуелділіктер жеке қарым-қатынастардың бұзылуына, жанұялық проблемаларға және қоғамдағы орнын жоғалтуға себеп болуы мүмкін. Адамның болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылдау қабілеті төмендейді, бұл оның кәсіби және жеке өміріне де зиян келтіреді. Ішімдік пен темекінің зияны болашақта да көрініс табады. Олардың ағзаға келтіретін зияны ұзақ уақыт бойы жиналады, және ол адамның өмірінің сапасын төмендетеді. Жастар арасындағы тәуелділік әсіресе қауіпті, себебі ол олардың білім алуына, кәсіби дамуына және жалпы өмірлік мақсаттарына жетуіне кедергі келтіреді. Ішімдік пен темекі – адам болашағына зор қауіп төндіретін тәуелділіктер. Олар тек денсаулыққа ғана емес, сонымен қатар адамның психикалық, қаржылық және әлеуметтік жағдайына да айтарлықтай зиян тигізеді. Сондықтан, бұл зиянды әдеттерден арылу – ұзақ өмір сүрудің, табысты және бақытты болашақтың кепілі.