«АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» АШЫЛДЫ
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мен «Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты» КеАҚ Ғылыми әдістемелік кеңесі келісімімен бекітілген «Орта білім беру ұйымдарындағы балаларды тәрбиелеу және дамыту жөніндегі ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығын» құру туралы әдістемелік нұсқаулығын басшылыққа ала отырып, Сауран ауданының білім бөліміне қарасты А.Үсенов атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» ашылды.
Ең алдымен орталықтың қызметі педагогикалық ұжымға таныстырылып, мақсаты мен міндеттері түсіндірілгеннен кейін, ата-аналардан сауалнама алынып, нәтижесі бойынша орталықтың оқу жылына арналған бағдарламасы бекітілді.
Аталған орталық жұмысының мақсаты: балаларды оқыту мен тәрбиелеу барысында мектептің ата-аналарының қарым-қатынасын күшейту және берекелі отбасы мәдениетін қалыптастыру.
«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» жұмысын үйлестіру үшін жұмысшы тобы құрылып, орталық жанынан «Даналық мектебі» клубы құрылды. Клубты құруда білім беру ұйымының нақты қажеттіліктері мен ата-аналардың ұлттық құндылықтар мен педагогикалық дәстүрлерді қолданудың оң тәжірибесімен бөлісуге дайындығы ескерілді.
Клубтың 4 секциясын ашу ұсынылды. «Ата өсиеті», «Әже даналығы», «Аға қамқорлығы», «Жеңге кеңесі».
Жоспар бойынша 2023 жылдың 30 қазан күні орталықтың ашылу салтанаты өтіп, 1-4 сыныптардың ата-аналарымен «Ата-аналар өмірінің жобасы – бақытты адам», 5-9 сынып ата-аналарымен «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Позитивті ата-ана» тақырыптарында тренинг сабақтар өткізілді.
Өтілген сабақтар барысында білікті мамандардың қолдауымен ата-аналар өте белсенді қатысып, орталықтың жұмысына сәттілік тілеп, ұжымның жаңа бастамасын қолдайтындықтарын жеткізді. Сабақтарға «Ата өсиеті», «Әже даналығы» секцияларының жетекшілері қатысып, ата-аналарға кеңестерін берді.