СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

576

ҚР Парламент Сенатының депутаттары Ә.Бектаев пен Ә.Құртаев академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы Университетінің ұжымымен және студент жастармен кездесті. Іс-шара Конституциялық реформалар бойынша
республикалық референдумның маңыздылығын түсіндіруді мақсат еткен.
Жиында сенаторлар Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мән-маңызына тоқталып, оқытушылар, жастардың сауалдарына жауап берді.

– Тәуелсіздіктің 30 жылдығында толайым табыстарға жеттік. Алдағы бүкілхалықтық референдумның мақсаты – жаңа қоғам, Жаңа Қазақстан құру. Конституцияға өзгеріс енгізу халықтың тұрмыс-тіршілігіне, халықтың әл-ауқатының артуына тікелей қатысты. Бұл орайда ел азаматтарының санасы жаңғыруы қажет. Жастар білімді, елжанды азамат болуы тиіс, – деді Ә.Бектаев.

Сондай-ақ, Ә.Құртаев әрбір азаматқа еліміздің болашағын айқындайтын тарихи оқиғаның мәні зор екенін, қоғамдық-саяси іс-шарада белсенділік танытуға шақырды.
Жиын соңында жастар көкейдегі толғандырған сауалдарын қойды. Сенат депутаттары оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысып, студенттердің көрмесін аралады.

«Шымкент келбеті» — Тағабай Қасымов

 

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Шымкент қаласында «21 мамыр —Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне» аталып өтті. Биылғы мерекенің ерекшелігі еркін форматта ұйымдастырылды.
Салтанатты іс-шараға қатысқан қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан мәдениет қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, Алғыс хатпен марапаттады.
Мерейлі күні өнердің туын биік ұстап, тұғырынан таймаған мәдениет майталмандары қала басшылығына өз алғыстарын білдірді.