Тойханалар қатаң бақылауда

410

Шаhарда эпидемиологиялық ахуал әлі де күрделі. Алайда тұрғындар той өткізуін тоқтатар емес.

Кезекті тексеру барысында Grand Holiday Hall тойханасында отбасылық іс-шара өтіп жатқаны анықталды. Қала аумағында 40 мобильдік топ белсенді жұмыс жүргізуде. Бұл іске Полиция Департаментінің қызметкерлері де жұмылдырылған.

Азаматтарымыз ауруханаларда өмір мен өлімнің арасында жатқанда той өткізіп, тәртіп бұзғандар жауапкершілікке тартылады.

Қазір барлық тойханалар күндіз-түні мұқият бақылауда. Карантиндік талаптарды ескермегендерге айыппұл салынып, тойханалар сотпен жабылуда.

Қала тұрғындары карантин талаптарын сақтап, жауапкершілігі сезінуге, ең алдымен азаматтарымыздың денсаулығы маңызды екенін ұғынуы тиіс.