Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр

29

Бiз мүлде жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты iскерлiк болса, бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Ал шешiмi күрделi мәселелер де бар. Ол – әлеуметтiлiк мәселе. Бұл салада қоғам өмiрiнде түбегейлi шешiмi табылмай тұрған мәселе, ол – коррупция. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ. Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Осы ретте Түркістан қаласының тұрғындарының назарына сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, оның тәуекелдерін жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы дамыту бағытында елімізде атқарылып жатқан түрлі шаралар туралы мәләметтерді ұсынамыз.

«Сыбайлас жемқорлық» деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны «параға сатып алу», «пара» ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ «corrumpire» түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу» деген түсінік беріп, құқыққа қарсы іс — әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды. Мемлекеттің дамуына бармақ басты, бұрынғы өткен ата-бабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. Олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытыңдысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс. Елбасы биылда «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады» деп атап көрсетті. Яғни бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.Осы мақсаттағы жұмыстарды жүйелі жүргізуге тағы бір серпін ретінде «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас ж емқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қолданысқа енгізілген. Бұл Жарлық еліміздегі құқық қорғау органдары қызметтерін жетілдіруге бағыттала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттермен олардың пайда болуының алдын-алуда жүйелі, әрі тұрақты шаралар атқаруды қамтамасыз етеді.

Қызмет құзыреті бойынша Тәртіптік кеңесі Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің Ар-намыс кодексі талаптарының сақталуын қадағалап, аталған заңнама мен кодекс талаптарының бұзылуына жол берген қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігін қарау белгіленген. Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жазалау тетіктеріне немесе ғылыми зерттеулерге ғана сүйенбеуі тиіс. Адамдардың сыбайлас жемқорлық туралы моральдық құндылықтар негізінде қалыптасатын түсінігін басты мәселе қойған жөн. Тек қана осы жол арқылы мемлекет қарапайым адамдардың «мемлекет» және «сыбайлас жемқорлық билік» ұғымдарын теңдестіруіне жол бермеуі тиіс. Егер соңғысы бұқара халықтың санасында тамыр жайса, онда сыбайлас жемқорлық мыңдаған жемқорлар жазаланса да жойылмайды. Адамгершілік ұстанымы мықты адам сыбайлас жемқорлықты былайша сипаттайды:өзі үшін, өз елі және оның болашағы үшін төнетін нақты қауіп;азаматтың өзін азаматты болып табылатын елмен байланыстыруын тоқтатуының бір себебі; ұлттық байлықты тонау және қоғамдық сананы бұзу арқылы параға сатып алу және заңсыз баюдың қылмыстық сызбасы;мемлекеттің құрылысына, өнегелік құндылықтарына қол сұғатын және бұқара санасына жалған құндылықтарды енгізу үшін жағдайларжасайтын қылмыстық идеологияны заңсыз енгізу; заңдар жұмыс істемейтін және әділдікке орын жоқ әділетсіз өмір.

Сыбайлас жемқорлықты жағымсыз құбылыс ретінде қабылдай отырып, оның әртүрлі көріністерін зерттей, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша әдістерді әзірлей отырып, мемлекет жүргізетінсыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың нәтижелерін көрсеткен жөн. Оң
нәтижелер бар екеніне құқық қорғау статистикасы мен сот практикасы дәлел бола алады. Оң өзгерістер туралы ауыз ашпау адамдардың құқықтық саясаттың тиімділігіне сенбеушілігін туғызады және сыбайласжемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуына көмектеспейді. «Қандай қоғам болса, отбасы да сондай» деп айтады. Қоғамда жүретін барлық коллизиялар отбасы қатынастарында қалай болғанда да көрініс табады. Моральдық-адамгершілік ілгерілеу, құндылықты ұстанымдар, қоғамның артықшылықтары отбасы қатынастарының негізін құрайды, отбасылық тәрбиелеу траекториясын қалыптастырады. Сондықтан отбасы қоғамдық дамудың маңызды индикаторы болып табылады деген тезис күшінде қалады және шындыққа жанасады. Басқа жағынан, отбасы қоғамның бөлшегі ретінде қоғам дамуына белгілі бір ықпал етеді, қоғамдағы моральдық-адамгершілік ахуалға әсер етеді. Отбасы құндылықтарды, дәстүрді, мәдениетті, өмір салты мен дүниетанымдық ұстанымдарды көрсетеді. Бұл диалектикалық өзара
байланысы ақырында отбасын қоғамның әлеуметтік институты ретінде біздің түсінігіміздің негізін құрады. Отбасы әлеуметтік институт ретінде көптеген функцияларды орындайды: халықтың өсіп-өнуі, жаңа жағдайда алдыңғы ұрпақтан жинақталған шаруашылық-экономикалық, тәрбиелеу, әлеуметтік, оның ішінде әлеуметтік тәжірибенің бейімделу функциясы. Отбасы шеңберінде сол немесе өзге әлеуметтік тәжірибені нығайту немесе жоққа шығару
адамдардың құндылықты бағдарын қозғайды. Осының нәтижесінде қандай да бір құндылықтар кетеді, қайсыбірі келеді, тұлғаның рухани кеңістігінде өз орнын алады және оның өмірі үшін әлеуметтік маңызға айналады.

Отбасы – қоғамның әлеуметтік институт ретінде нақты адамның қоғам өміріне енуіне мүмкіндік беретін құндылықтардың трансляторы болып табылады. Егер қазіргі қазақстандық отбасыға осы биіктіктен қарасақ, отбасы қатынастарында позитивті және жағымсыз фактілерді табуға болады.  Осындай шындық аясында отбасының тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын тәрбиелеудегі рөлі қандай және оның сыбайлас жемқорлыққа және оның көріністеріне қарсы төзбеушілік қатынасын қалай қалыптастыруға болады деген сұрақты қарастырайық. Қазіргі отбасы қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы у таба ала ма? Отбасылық салт-дәстүрлер, мәдениет тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған ба? Отбасы адамдардың қатынасына тереңдеп еніп кеткен сыбайлас жемқорлықты қалай бағалайды және қабылдайды? Отбасы сыбайлас жемқорлықты моральдық-этикалық нормаларды бұзушылық, ұлт мәдениетіне жат, асылық, Отанға деген сатқындық деп айыптай ма? Осы сұрақтардың барлығы отбасының қазіргі қоғамдағы рөлін күрделі талдауды қажет
етеді. Бүгінгі күні обасы қоғам үшін күрделі және маңызды проблеманы шешуге ынтасы жоқ, тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез құлқын қалыптастырудың пәрменді субъектісіне айнала алмайтыныанық. Ең алдымен, әртүрлі жағдаяттарға, объективті және субъективті
жағдайларға қарай мүмкін емес. Бір нәрсе анық, қоғамда моральдық адамгершілік деңгей төмендеген кезде, отбасыға осындай құбылыстарға қарсы күресу қиынға түседі. Ол тұлғаның санасы мен рухани әлемі деңгейінде бұл мәселені реттеуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез құлық пен парақорлықтың орнықты сипатын тәрбиелеуге күші жетпейді.

Себебі қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаппай, жалпыға ортақ төзбеушілік ахуалы жасалмайынша, моральдық айыптау, отбасы деңгейінде барлық азаматтардың қоғамдық айыптауы да дамымаған. Соңғы кездері осы бағытта көп істер жасалып жатқанын мойындау қажет. Жұртшылық барған сайын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған, өзінің қызметтік жағдайын асыра пайдаланған, мемлекет пен халық алдында өз міндеттемесін бұзған адамдардың атын біліп жатыр. Әркім сіңірген еңбегіне қарай алатыны белгілі, сонымен бірге тек заңды қолданып, бұл проблеманы шешу алмайтынымыз да айқын. Басқаша деңгейдегі
шаралар қажет. Тәрбие аясында адалдық, ар-ұят, сатылмаушылық, сөзіне беріктік
сияқты құндылықтардың жасампаздық күші әлсіз қолданылады. Себебі көбі адал, парасатты болу пайдалы емес, кейде бұл қасиеттер жеке өмірінде проблемаларды шешуге және өмір сүруге кедергі келтіреді деп санайды. Бұдан өзге, ешкім «елден ала бөтен», «өздерінің арасында
бөтен» болғысы келмейді. Осы тұрғыда қалыптан тыс сана мен мінез құлық қалыптасады, соңында сыбайлас жемқорлыққа әлеуметке қарсы құбылыс ретінде қарауды қояды. Ең бастысы, қоғамда осы құндылықтарға деген сенімге селкеу түсіп, оның жақтастарының саны барған сайын азаяды. Оның есесіне көбінің санасында сыбайласжемқорлық пен парақорлық феноменінің  халық дәстүрлері менсалтында тарихи және мәдени тамыры бар деген ой орнығады.