ЖІБЕК ЖОЛЫ ЖҰРТШЫЛЫҒЫ Қ.К.ТОҚАЕВТЫҢ КАНДИДАТТЫҒЫН ҚОЛДАУДА

303

ҚР Президенттігіне үміткер Қ.К.Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалициясының Түркістан облыстық қоғамдық штаб мүшелері Жібек жолы ауылдық округі, Ескі Сауран жұртшылығымен кездесіп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Аталған іс-шараға облыстық қоғамдық штаб мүшелері Зуппархан Чалданов пен Ерахан Ахмет қатысты.

Кездесу барысында штаб мүшелері үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, кандидаттың әділдік және өрлеу қағидаттарына тоқталды. Оның стратегиялары Қазақстанды дамытуды көздейтінін жеткізді.

«Жас ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін 100 ірі орталық салынатындығын. Атап айтқанда, оқушылар сарайлары, жас техниктер станциялары, балалар технопарктері, музыка және көркем өнер мектептері бой көтеріп, әрбір оқушы өзі қалаған спорт секциясына, шығармашылық үйірмеге тегін қатыса алатындығы және балалардың денсаулығын жақсарту үшін елімізде 50 сауықтыру лагері ашылып, балабақшаларда әлеуметтік жағынан әлсіз отбасылардан шыққан балаларға және барлық бастауыш сынып оқушыларына тегін тамақ берілетіндігі Қ.К.Тоқаевтың сайлау алды бағдарламасында айқын көрсетілгенін жеткізді. Сондай-ақ ұстаздардың мәртебесін жоғарлату туралы Қ.К.Тоқаевтың бұған дейінгі Жолдаулары мен реформаларында үздіксіз айтылып келетіндігімен құлағдар етті.

Кездесу соңында Кеңес Әуен Қ.К.Тоқаевтың сайлау алды бағдарламасында аталған басымдылықтарға қолдау көрсетіп, ел болашағы үшін дұрыс таңдау жасауға шақырды.

Өз кезегінде Ескі Саурандықтар пікірлерін айтып, алдағы сайлауда Қ.К.Тоқаевтың саясатына сенім білдіретіндікдерін жеткізді.