«АША» ДҮКЕНІНДЕГІ ЭКСПРОМТ КЕЗДЕСУ

145

ҚР Президенттігіне үміткер Қ.К.Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалициясының Сауран аудандық қоғамдық штабының мүшелері Қ.Рысбеков. Д.Алдыбаев Шорнақ ауылының «Аша» дүкенінде экспромт кездесу өткізіп, кандидаттың сайлауалды бағдарламасына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Аудандық штаб мүшелері елімізде өтетін сайлаудың маңыздылығына тоқталып, тұрғындарды сайлауда өз таңдауын жасауға шақырды.

«Азаматтар үшін ең маңыздысы – халықтың әл-ауқатының артуы. Елдегі экономикалық жетістіктерді әр қазақстандық сезінуі тиіс. Бұл – әділдіктің белгісі. Сондықтан алдымызға нақты мақсаттар қойылып отыр. Оған қол жеткізу үшін біз үздіксіз дамып, үнемі өрлеп, өркендеуіміз керек» — деген аудандық штаб мүшесілері сайлауалды бағдарламаның басым бағыттарына тоқталып, алдағы жылдардағы жоспарлармен таныстырды.

Сондай-ақ, еңбек адамының мәртебесін жоғарлату, кәсіпкерлерге жасалатын жеңілдіктер мен кәсіп бастағысы келетін жастарға арналған қолдаулар туралы айтып, ауылды кешенді дамытудың тұжырымдамасы жайлы да тілге тиек етті.

Кездесу соңында Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндіріп, оларды дұрыс таңдау жасауға және лайықты кандидатқа дауыс беруге шақырды.