ШЫМКЕНТ МАЙ ЗАУЫТЫ ЖАНЫНДАҒЫ КӨНЕ САЯБАҚ ЖАҢАРТЫЛДЫ

55

Шымкентте Есіл және Камал көшелерінің арасындағы 0,5 га жерді қамтитын аумақта саябақ пайдалануға берілді. Қала әкімі Ғ.Сыздықбековтің тапсырмасына сәйкес көне саябақтың жаңартылуы тұрғындарды ерекше қуанышқа бөледі.

Ұлт саулығын жақсарту мақсатында саябаққа 200 ш.м құрайтын заманауи баскетбол алаңшасы, балалар ойын және спорт (тренажер, воркаут) алаңшалары, 3 әткеншек, 2 теннис үстелі, 1 шахмат үстелі орнатылды. Жаңа серуендеу аймағында 4000 ш.м аумақ көгалдандырылып, шынар, гуджу, каштан ағаш көшеттері мен көпжылдық сәндік гүлдер отырғызылды.

Сондай-ақ, саябаққа ауызсу бұрқағы, тегін автотұрақ, 8 орындық, 8 қоқыс жәшігі, 6 пергола, 40 жарықшам бағанасы, 8 декоративті тас орнатылды.
Аталған аумақта 10 астам көбқабатты үилер мен 500 астам жеке тұрғын үилер бар 2000 астам тұрғын бар