АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

5

Бүгін аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл округтерінің әкімдері, бөлімдер мен мекеме басшылары, сала мамандары қатысты.

Мәжілісте күн тәртібіндегі бірінші мәселе, елді мекендерді сапалы ауызсумен қамту жұмыстары туралы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Саттар Нәлібай, Қарақоңыр ауыл округінің әкімі Сәкен Айсейтовтер баяндама жасап, атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Сондай-ақ, ауданның экономикалық даму стратегиясы туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Асқар Көлбай және өзге де өзекті мәселелер бойынша аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мұрат Есінбек, жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ә.Таңжар, аудандық білім бөлімінің басшысы Қ.Шербаевтар хабарлама жасады.

Аудан басшысы мерзімді жұмыстардың орындалуы жіті бақылауда екенін айтып, тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.