ДЕПАРТАМЕНТТІҢ ЫҚПАЛЫМЕН 114 ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

68

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент)облыс көлемінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау, халыққа сапалы қызмет көрсету, оған қолайлы жағдайлар жасау және қызмет көрсету рәсімдерін жетілдіру және қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бағыттарында жүйелі жұмыстарды атқаруда.

Атап айтқанда, Департаментпен Түркістан облысының Геоақпараттық порталы арқылы көрсетілген қызметтердің сапасына сыртқы байқау жүргізілді.

«Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінде көрсетілетін қызметті берушінің жер-кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі және уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешімдердің бірі көрсетіледі.

Атап кету қажет, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, қызмет көрсетуші 15 жұмыс күні ішінде (1-кезең бойынша) өтініш берушіге сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша берудің мүмкін екенін (мүмкін емес екенін) айқындау туралы қорытынды ұсыну міндетті.

Дегенмен, қызмет көрсетуші мекемелер тарапынан аталған мемлекеттік қызметті көрсету барысында өтініштерге қызмет нәтижелері мерзімінде ұсынылмағаны анықталды.

Атап айтқанда, облыстың аудан қалалары бойынша бөлініске сәйкес, бұзушылықтың басым көпшілігі Түркістан қаласы-95,
Кентау қаласы-8 және Леңгір қаласы-6 өтінішті қарау барысында орын алған.

Демек, азаматтардың мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу кезіндегі құқықтары өрескел бұзылған.

Осыған орай, Департаменттің ықпалымен бірқатар қызмет алушылардың өтініштеріне қызмет нәтижесі ұсынылып, азаматардың құқықтары қалпына келтірілді.

Яғни, жалпы 114 қызмет алушының құқығы қалпына келтірілді.

Бұдан бөлек, Департаментке 2024 жылдың 9 айында мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселесі бойынша 141 өтініш келіп түскен. 32 өтініш бойынша тексеру іс-шаралары жүргізілген.

Нәтижесінде, тексерумен 20 қызмет алушының құқықтары және тексерусіз 8 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілген.

Осы орайда, әр азаматқа мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңнамаларға сәйкес мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі біздің басты мақсатымыз болып табылады.

Айта кету қажет, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде құқықтарыңыз бұзылған жағдайда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінеЖаңа қала ықшам ауданы 32 көше, 16 ғимаратмекен-жайы бойынша жазбаша түрде, не электрондық түрде «электрондық үкімет» порталы немесе «Е-Otinish» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы және «Kenes 1414 officiall» тelegram-бот арқылы жүгіне аласыздар.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

Абылайхан ДағыстанұлыНАУРЫЗБАЕВ