“ИСЛАМ ӘБІШ ҮШІН СОТҚА ДА, ОТҚА ДА ТҮСКЕН КӨПЕН ЕДІІ…”
Көпен ағамыздың бауырмалдығы көпке өнеге. Көзі тірісінде Көпен ағамыз Ислам Әбіш інісі екеуі бір-бірін іш-тартып, сыйластықпен құрмет тұтушы еді. Исламның басына іс түскенде талай адам теріс айналған күн болды. Бірақ, Көпекең өле-өлгенше қасында болды. Қарсыластарға қасқайып қарсы шықты.Араша тұрды. Исламның адалдығына сенді. Ақталды да… Көпекең көз жұмғанда Ислам інісі де көзіне жас алып, жерлеуіне қатысып, егіліп еске алғаны есте. “Көпекеңнің аты өшпейді, еске алар қазақ елі бар, біз бармыз”- деп жалынды сөз айтқан еді. Шүкір. Көпекең қайтқанда аяқтан тік тұрып, қызмет етті Ислам інісі. Алла разы болсын! Рас, Көпен Ислам Әбіш үшін сотқа да, отқа да түсті. Ол туралы Қазыбек Иса жазды да…. Бірге оқиық онысын…
“СОТҚА “НҰРОТАН” ЕМЕС, “БРАТАН” БОЛЫП БАРДЫМ”
Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, руханиятқа қамқор, рухы биік іскер азамат Ислам Әбіш Су комитетінің төрағасы болып тұрғанда қазынаның триллионын қорғап қалғаны үшін жазықсыз жала жабылып, түрмеге түскенде, Көпен ағамыз сотына барып қатысып жүрді. Журналистерге сұхбат берді. Бұрын Исекеңе күніне кемінде үш мезгіл телефон соғып, саулығын сұрап тұратын кейбір “достары” қарасын көрсетпей кеткенде, Көпен ағамыздың сот отырыстарына қатысып, Ислам інісінің жағдайын сұрап, соттың әділ өтуін талап етуі үлкен азаматтық еді. Бұндай еркіндік танытқан ісі үшін “Нұр отан” партиясының мүшесі Көпенге бір орысшалау партия шенеунігі наразылық танытып, ескерту жасапты. Сөйтсе, сөзден тосылып көрмеген Көпекең қынаптан қылыш суырғандай: “Мен Ислам інімнің сотына “Нұротан” емес, “братан” боп барып жүрмін”-деп, аузына құм құйып кетіпті…
Сөйткен Көпен көкем де кетіп барады…
Алла алдынан жарылқасын!
Қазыбек ИСА
Суретті түсірген автор
Түйін: Исі қазаққа да, Ислам Әбішке де, Қазыбек Исаға да Көпен ағамыздың жан бауыры ретінде алғысымды айтамын. Көзі тірі болғанда 75-жылдық мерей тойын тойлар едік дүркіретіп. Амал нешік. Енді тек, елі боп еске алу ғана қалды. Рухыңыз шат болсын Көпен аға! Шымкентфильм Телестудия Көпекеңнің “Жол-жөнекей” әңгіиелері тарих боп, таспаланып қалғанына шүкір дейміз. Алла Көпен ағамыздың ұрпағына өмір берсін!
#Көпен75жыл
Автор: Ерсұлтан Әмірбек