ҚАРАТАУ АУДАНЫ: БИЫЛ ЖАРЫҚТАНДЫРУМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 100% ЖЕТЕДІ

21

Қаратау ауданында тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында кешенді жұмыстар қарқынды жүргізілуде.
Қаратау ауданында 2 саябақ пен 23 гүлзар бар. 2025 жылы олардың қатары тағы 11 гүлзармен толығып, тұрғындар үшін демалыс орындары көбейе түседі.
Жарықтандыру жұмыстары қарқынды жүруде. Ауданда 896 көше болса, оның 545-і бүгінде жарықтандырылған. 2024 жылға дейін 320 көшеге, ал 2025 жылы тағы 351 көшеге жарық беру жүйесі орнатылады. Осылайша, аудан көшелері толықтай жарықпен қамтылатын болады.
Аулалар мен ойын алаңдары жаңартылуда. Қаратау ауданында 626 көп қабатты тұрғын үй бар, олар 210 аулаға біріктірілген. Бүгінгі таңда барлық аулалар абаттандырылған. 2025 жылы 1 спорт алаңы мен 10 аула жаңартылмақ. Бұдан бөлек, жеке секторда 2 спорт алаңы мен 23 балалар ойын алаңы салынады.
Жол инфрақұрылымы жақсарады. Аудандағы 896 көшенің жалпы ұзындығы 670,2 шақырымды құрайды. Оның 486 шақырымы асфальтталған, 184 шақырымы шағал тас жолдар. 2025 жылы тағы 60 көшеге жаңа асфальт төселеді. Сонымен қатар, «Сайрам» тұрғын алабында 4,5 км жаяу жүргіншілер жолы салынып, 16 учаскеге арық жүйесі орнатылады.
Қаратау ауданы күн санап дамып келеді. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын тауып, аудан тұрғындары үшін қолайлы орта қалыптастыру басты міндет болып қала бермек.