ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУ САТЫСЫ КҮНДЕЛІКТІ БАҚЫЛАНУДА

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков лездемелік мәжіліс өткізіп, жетекшілік ететін салалары бойынша берілген тапсырмалардың орындалуын саралады.
Облыс әкімінің мерзімі бар хаттамалық 35 тапсырмасының атқарылу сатысы бойынша жауаптылар мәлімет ұсынды. Бүгінгі күнге орындалмаған, мерзімі өткен тапсырма жоқ.
Облыс әкімінің орынбасары тарапынан берілген хаттамалық тапсырмалар да талданды. Басқарма басшыларының есебі мен ұсынған мәліметтері зерделеніп, 99 тапсырма бақылаудан алынды. Орындалу мерзімі бар 58 тапсырмаға қатысты өзекті мәселелер ортада талқыланып, жауапты мекемелермен бірге қаралды.
- S. Лездемелік мәжіліс лезде бітті. Бірақ, көп мәселе талқыланып, кезегін күткен біразының шешімі табылды. Жауаптылар әр тапсырмадан өзінің үлесін алып, жұмысын үйлестіруге кірісті
Қысқасы, ұйқысынан қирап емес, ширап тұратындардың жиналысы болды