АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Отырар ауданының әкімі Қ.Жолдыбайдың өкімімен ауданы әкімінің орынбасары лауазымына ротация тәртібімен Сейітқұл Қыдырбай Құнанбайұлы тағайындалды.
Бүгін аудан әкімі жаңадан тағайындалған лауазым иесін аудан активіне таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.
Сейітқұл Қыдырбай Құнанбайұлы 1980 жылы 28 сәуірде ОҚО, Ордабасы ауданы, Берген ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1998 жылы Шымкент экономика және құқық колледжін «Биржалық қызмет», Бухгалтер-қаржы қызметкері мамандығы бойынша, 2000 жылы Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін «Қаржы және несие», экономист-қаржыгер мамандығы бойынша бітірген.
Алғашқы еңбек жолын 2000 жылы «Ақ Ниет» өндірістік кооперативінің есепшісі болып бастап, 2003 жылы Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы, 2007-2009 жылдары Бадам ауыл округі әкімі аппараты бас маман-есепшісі, 2009-2010 жылдары Ордабасы аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы, 2010-2013 жылдары Ордабасы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің кәсіпкерлік секторының бас маманы, ауыл шаруашылығы секторының меңгерушісі, 2014-2015 жылдары Ордабасы аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары, 2015-2019 жылдары Шұбар ауыл округінің әкімі, 2019-2020 жылдары Ордабасы аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы қызметтерін абыроймен атқарған.
2020 жылдан бастап бүгінгі таңға дейін Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.