БӨДЕНЕ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТЫП, КӘСІБІН ӨРКЕНДЕТКЕН КӘСІПКЕР

Ордабасы ауданы, Темірлан ауылының тұрғыны 34 жастағы кәсіпкер Дәурен Сүлейменов өз ісін бастау үшін 2024 жылы 2 лекте мемлекеттік қайтарымсыз грант алған. Қазіргі таңда бөдене шаруашылығын дамытып, экологиялық таза өнім өндіруде.
«Кәсіп бастау оңай емес, бірақ мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау үлкен көмек болды. Алғашқы қаражатқа 1000 бас бөдене мен оны өсіруге қажетті құрал-жабдықтарды сатып алдым. Бүгінде жаңа ісім жемісін беріп, тұтынушыларым көбейіп келеді, күніне 600 дана жұмыртқа алып, дүкендерге өткіземін», – дейді кәсіпкер.
Бөдене еті мен жұмыртқасына сұраныс артып жатқанын айтқан кәсіпкер алдағы уақытта кәсібін кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл бастама – ауыл шаруашылығын дамытудың, отандық өнімді көбейтудің айқын мысалы.
Кәсіпкердің табыс тарихы өзгелерге де мотивация болары сөзсіз!
Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі