ОБЛЫС БАСШЫЛЫҒЫ САУРАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫН ЗЕРДЕЛЕДІ

20
✔️Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев әлеуметтік нысандардың жағдайымен танысу мақсатында Сауран ауданына іссапармен барды. Бірқатар ғимараттарды аралап, жай-күйін зерделеді.
✔️Алдымен Үшқайық ауылдық округінде орналасқан «Нұртас» дәрігерлік амбулаториясында болды. Ғимараттың бүгінгі ахуалын көріп, медицина мамандары және науқастармен тілдесті. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық нысанында бүгінде 1400-ден астам тұрғын тіркелген. Бүгінде 16 адам жұмыспен қамтылған. 1980 жылы салынған бір қабатты нысан күрделі жөндеуді қажет етеді. Облыс әкімінің орынбасары тиісті жұмыстарды сапалы атқаруды тапсырды.
✔️Мұнан соң Бейсенбай Дәулетұлы «Амангелді» атындағы жалпы білім беретін мектебін аралады. Ғимараттың ахуалы, материалдық-техникалық базасы, сыныптардың жабдықталуын бақылады. Білім ұясын ағымдағы жөндеуден өткізу ұсынылып отыр. Оқушылардың қауіпсіздігі үшін бейнебақылау камералары, Face ID камералары орнатылуға тиіс екені ескертілді. Жауапты тұлғаларға құрылысты сапалы жүргізу жүктелді.
✔️Сауран ауданындағы іссапар Әлеуметтік қызмет көрсету орталығымен қорытындыланды. Орталық жалғызілікті қарттар, мүгедектігі бар балалар мен ересектер жалпы 150 мұқтаж азаматқа үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Сонымен қатар ғимаратта мүгедектігі бар азаматтарға арналған «Тең қоғам» зейнет жасындағы қарттарға арналған «Белсенді ұзақ өмір» секторлары жұмыс істейді. Кездесуде орталыққа жаңа ғимарат салу жайы қозғалды. Облыс әкімінің орынбасары қажет құжаттарды ұсынуды міндеттеді.