АУДАНДА «АҚ БАТА» АТТЫ ТАНЫМДЫҚ КЕШ ӨТТІ

Сауран аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай, «Ақ бата» атты тағылымдық-танымдық кеш өтті.
Кешке зиялы қауым өкілдері мен өнер адамдары қатысты. Шараға арнайы келген қонақтар қатарында Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Б.Сүлейменов, аудан әкімінің кеңесшісі М.Ергешбайұлы, аудандық мәслихат депутаты А.Раматуллаев, “Turkistan Media Holding” директорының орынбасары, журналист Т.Бейсен, профессор, журналист, композитор Б.Сердәлі, Сауран аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Ахметов, республикалық «Ақ бата» байқауының жеңімпазы Әлжан қажы, композитор Ш.Әлібеков және Сауран ауданының бас имамы Е.Полатов болды.
Кеш барысында батаның маңызы, оның түрлері, өміршеңдігі мен бүгінгі қоғамдағы рөлі кеңінен талқыланды. Қонақтар батаның тек тілек емес, ұлттың рухани байлығы екенін атап өтіп, жол батасы, сапар батасы, наурыз батасы сияқты дәстүрлі баталардың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, «Аян бата» ұғымы, ақ бата мен теріс батаның айырмашылығы жайлы терең әңгіме өрбіді.
«Ақ бата» кеші көрермендерге рухани азық сыйлап, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үлкен септігін тигізді. Бұл шара ата-бабамыздан қалған асыл мұра — батаның мән-мағынасын, қадір-қасиетін тағы бір мәрте айқындап берді.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі