ШЫМКЕНТТЕ «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ

15

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2025 жылдың 28 ақпанда Шымкент қаласында «Халық заңгері» акциясы өтеді.

Акция сағат 15.00-де «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» Шымкент қаласы филиалының Абай ауданы бойынша бөлімінің ғимаратында (Мәделі Қожа 1Г) басталады.

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң көмегін көрсету. Кез-келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерінен тегін қажетті консультация ала алады. Жергілікті атқарушы органның, аумақтық және құқық қорғау органдарының басшылары, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылар, адвокаттар, нотариустар қызмет көрсетеді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі