«ТҮРКІСТАН ЖАУҺАРЛАРЫ» ҰЛТТЫҚ КИІМ КӨРМЕСІ МЕН КОНЦЕРТ ӨТТІ

Бүгін Түркістан қаласында 18 наурыз – Ұлттық киім күніне арналан «Түркістан жауһарлары» ұлттық киім көрмесі және «Яссы» халықтық этнофольклорлық ансамблінің концерті өтті.
«Наурызнама» онкүндігі аясында, Түркістан қаласының әкімдігінің ұйымдастыруымен, Этноауыл кешенінде өткен шара еліміздің ұлттық мәдениеті мен дәстүрін дәріптеуге бағытталды. Жалпы іс-шараға 500-ден астам адам қатысты.
Мерекеде «Тұсаукесер», «Қазан шегелу» және өзге де салт-дәстүрлерінен көрініс қойылды. Сонымен қатар келіндердің және тігіншілердің қыз жасауын дайындау барысы көрсетілді.
Мерекені бастап кеткен қала тұрғындары мен қонақтары ұлттық дәстүрлерді жаңғыртып, әртүрлі өнер фестивальдері мен ұлттық спорт түрлерінен жарыстарға қатысты.