
Майдангер ауыр шайқаста көзге түсіп, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Сондай-ақ 1-дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен, екінші рет «Ерлігі үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. Соғыстан соң 1948 жылы Норвегияның шекарасында болып, елге 1950 жылдың қараша айында оралып, Кентау қаласындағы Мырғалымсай кенішінде ұзақ жылдар бойы жемісті жұмыс істеп, зейнеткерлікке шықты. Бүгінде қария 2 ұл, 3 қыз, 14 немере, 31 шөбере, 2 шөпшек тәрбиелеп отыр.