БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ МӘДЕНИ – СПОРТТЫҚ НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТЫ НАЗАРДА

24

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев аудан орталығындағы құрылысы жүріп жатқан өнер мектебі мен мәдени-спорттық кешендегі жұмыс барысын бақылады.

Қазіргі уақытта Темірландағы қайтарылған мемлекеттік активтер есебінен салынып жатқан өнер мектебінің екінші қабатының кірпіші қаланып, сейсмикалық темірбетон бағаналары құйылуда. Аудан басшысы мұнда жұмысқа жауапты қызметкерлер және мамандармен құрылыстың белгіленген кестеге сай әрі сапалы жүргізілуі жөнінде пікір алмасты.

Ал балуан бабамыз Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы мәдени- спорттық кешеннің құрылысы аяқталуына санаулы күндер қалды. Аудан әкімі бұл нысандағы аяқталған жұмыстар мен атқарылар шаруалардың жай-күйін саралады.