АҚҚҰМ АУЫЛ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

31

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сәйкес 2025 жылғы 13 шілдеде Аққұм ауыл округі әкімінің сайлауы өткен болатын. Ауыл округі әкімінің сайлауында жергілікті тұрғындар өздері тікелей жасырын дауыс беру арқылы өз таңдауларын жасады.

Сайлау нәтижесіне сәйкес аудандық сайлау комиссиясының шешімімен Аққұм ауыл округінің әкімі болып Жанжігітова Нұрсұлу Беделханқызы сайланды.

Жаңа басшыны аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Жиын барысында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Нурлан Жубаев куәлік табыстады.

Жанжігітова Нұрсұлу Беделханқызы 1979 жылдың 16 қыркүйегінде Отырар ауданы, Аққұм ауылында туылған. Білімі жоғары, 2012 жылы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетін педагогика және психология мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2011 жылы Аққұм ауылындағы С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің кіші техникалық қызметкері болып бастаған. 2012-2017 жылдары С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің мінезгері, инклюзив сынып мұғалімі, тәлімгері, 2018-2018 жылдары Отырар аудандық «Жастар ресурстық» орталығының инспекторы, 2020 жылдан осы уақытқа дейін Аққұм ауыл округі әкімі аппаратының бас маман-іс басқарушысы қызметін атқарып келді.