Шымкент қаласының аудан аумақтарында қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілуде

616

Шымкент қаласының аудан аумақтарында қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінде Қаратау және Еңбекші аудандары бойынша Достық-2, Қайнарбұлақ, Тұран, Асар -1,2, Тассай, Жұлдыз, Оңтүстік, Бадам және Еламан шағынауданында 94,9 шақырым 133 көшеге шағал тас төселуде.

Аталған жұмыстардың басым көпшілігі — 62 шақырымы, яғни 102 көше Қаратау ауданына тиесілі. Ал қалған 31 көше, 32,9 шақырымы Еңбекші ауданына қарасты. Жалпы екі аудан бойынша шағал тас төсеу жұмыстарына 400 млн теңге қаралған.

Қаратау ауданына қарасты Достық-2 (18,1 шақырым), Асар-2 (20 шақырым), Қайнарбұлақ (13,7 шақырым ), Тұран шағынауданында (4,25 шақырым) қиыршық тас төсеу жұмыстары 100 %-ға орындалған.

Ал Еңбекші ауданына қарасты Жұлдыз, Оңтүстік, Бадам, Еламан тұрғын алаптарында аталған жұмыстарды қыркүйек айының соңына аяқтау жоспарлануда.