ТҮРКІСТАНДА БЕКЗАТ САТТАРХАНОВТЫҢ 45 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТІП ЖАТЫР

43

Түркістан қаласында Олимпиада чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Бекзат Саттархановтың 45 жылдығына арналған бокстан жасөспірімдер арасындағы XX Халықаралық турнир өтіп жатыр. Атаулы додаға 2012 жылы туған жас боксшылар қатысып, өзара бақ сынап жатыр. Жарыстың ашылу салтанатында Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев құттықтау сөз сөйлеп, турнирдің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, даңқты спортшының анасы Сырлыкүл Саттарханова мен алғашқы бапкері Нұрлан Жұмабаев сөз алып, естеліктерімен бөлісті.

Жарыс бағдарламасы бойынша, халықаралық турнир 27 қыркүйек пен 1 қазан аралығында өтеді. Халықаралық турнир – жас өрендер үшін өз шеберлігін шыңдап, тәжірибе жинауға мүмкіндік беретін маңызды спорттық шара. Сонымен қатар, ел мақтанышы Бекзат Саттархановтың есімін ұлықтап, жас буынға үлгі етуге бағытталған игі дәстүрлі шара.