ОРДАБАСЫ: ЖАҢА ӨНДІРІСТІК ПАРКТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

7

Мемлекет басшысының Жолдауындағы инвесторлар тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында ауданымызда нақты қадамдар жасалуда.

Осы орайда Шымкент агломерациясына жақын, көлік дәліздеріне қолайлы аудан орталығы Темірлан елді мекенінде жаңа өндірістік парктің алғашқы қазығы қағылды.

Аудан әкімі Азат Оралбаев алғашқы қазықты қағып, жобаның сәтті жүзеге асуына тілек білдірді.

Жоба жүзеге асқанда:

Тұрғындарға жаңа жұмыс орындары ашылады;

Аудан экономикасын дамыта түседі;

Отандық және шетелдік инвесторлар үшін тартымды алаңға айналады.

Темірлан өндірістік паркі – Ордабасының өркендеуіне жасалған кезекті қадам!