ТӘРБИЕЛІ ҰРПАҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

26

Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студент жастарына арналған «Тәрбиелі ұрпақ – ел тірегі» тақырыбында кездесу өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың бойында адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, отбасылық тәрбиенің маңыздылығын түсіндіру, құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, сондай-ақ буллингке қарсы мәдени көзқарасты дамыту болып табылады.

Кездесу барысында салалық мамандар мен сарапшылар жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыру, құқықтық мәдениетке баулу және тұлғалық дамуына ықпал ететін тәрбиелік бағыттарды кеңінен талқылады. Сонымен қатар адамгершілік қасиеттерді дәріптеу, отбасылық құндылықтарды насихаттау мен құқықтық сауаттылықты жетілдіру мәселелері қозғалды.

Аталған шараға Шымкент қаласы прокуратурасының аға прокуроры Дінислам Әлжан, Az-UIA (Әз-Ұя) қоғамдық бірлестігінің педагог-психологы Алтынбек Боранбек, PhD доктор, доцент, тәжірибелі психолог әрі гештальт-терапевт Салтанат Асанова қатысып, өз кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.

Аға прокурор Дінислам Әлжан жастарға заң үстемдігі мен тәртіптіліктің қоғам өміріндегі рөлін түсіндіре келе, елге адал қызмет ету – нағыз патриотизмнің көрінісі екенін атап өтті. Оның айтуынша, азаматтық белсенділік ұрандатумен шектелмей, әр адамның өз ісіне деген адалдығы мен қоғамға пайдалы болуға ұмтылысынан көрініс табуы тиіс. «Күшті республика – сенімді болашақ» қағидаты әрбір азаматтың саналы әрекетімен жүзеге асырылады. Кездесу барысында салалық мамандар мен сарапшылар жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыру, құқықтық мәдениетке баулу және тұлғалық дамуына ықпал ететін тәрбиелік бағыттарды кеңінен талқылады.