АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРҒА ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

495
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев тұрғындарға жеке өтініштері бойынша кезекті қабылдауын өткізіп, олардың мәселелерін тыңдады. Қабылдауда аудан азаматтары балалар алаңшасын салып беру, атаулы әлеуметтік көмек, қоқыс жәшіктерін көбейту, заңсыз жүргізіліп жатқан құрылыс туралы сауалдарымен жүгінді.
Аудан тұрғыны Зоя Рудова жоғарғы Отырар шағын ауданында соғылып жатқан заңсыз құрылысты тоқтату жөнінде шағымын білдірді. Рашид Мамытұлы тиісті бөлім басшысына қалалық Орта сапасы және бақылау басқармасы мамандарымен бірлесе мән-жайды анықтап, заң талаптарына сәйкес әрекет етуді тапсырды.
Сондай-ақ, Разия Кулумбетова Түркістан көшесінде орналасқан балалар алаңшасын ретке келтіруді және спорт алаңшасын салып беруді сұрады. Аудан әкімі балалар ойын алаңшасын қалпына келтіру бойынша келісім-шартқа сәйкес мердігер мекемеге тапсырма берілетінін айтты. Ал спорт алаңшасын салу үшін аталған мекенжайда жер көлемінің кішкентай, талаптарға сай келмейтіндігін түсіндірді.
Аудан басшысы әкімдіктің құзыретіне кіретін өтініштер бойынша толығымен жауап беріп, алдағы уақытта тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді.
Әл-Фараби ауданының әкімі жеке қабылдауды тұрақты түрде әр бейсенбі күні онлайн және офлайн форматта өткізеді. Қабылдауға жазылу үшін тұрғындар әкімдікке келіп алдын ала өтініш қалдыруы тиіс.
Аудан әкімдігінің тұрғындармен байланыс нөмірі: 54-58-46