ШЫМКЕНТТЕ «ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ БАРЫСЫНДА ЖҮЗГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТҚА ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

“Заң мен тәртіп” қағидаты аясында Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен 3 қазан күні Әл-Фараби алаңында «Жолда қабылдау» акциясы өтті. Таңғы сағат 09:00-ден кешкі 18:00-ге дейін түрлі мәселелер бойынша Полиция департаментінің қызметкерлері жүзге жуық азаматтарды қабылдады.
Тұрғындар қызықтырған сұрақтарына жауап пен құқықтық кеңес алды.
Айта кетейік, бұл шара қоғамдағы өзекті мәселелерді дер кезінде шешуге, халықпен тиімді кері байланыс орнатуға, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.
Акцияның бірінші күнінде жүзге жуық азаматтарға құқықтық көмек көрсетілді.
Акция ертең, 4 қазан күні Арбат аллеясында өтеді. Сонымен қатар, акцияға келіп қатысуға мүмкіндігі жоқ азаматтар 8 (700) 111 30 44 нөмірі арқылы өз сұрақтарын қоя алады.
2025 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Үкіметінің №200 қаулысымен қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға тұжырымдама бекітілді.
Бұл құжат құқықтық мәдениетті қалыптастыруды, азаматтардың құқықтық санасын арттыруды және қоғамда заңға құрмет көрсетуді басты құндылық ретінде тәрбиелеуді мақсат етеді. Тұжырымдаманың негізі Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмаларынан алынды.
Бұл бастаманы іске асыру мақсатында Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қоғамдық орындарда ашық микрофон форматында әлеуметтік зерттеу жүргізді.
Зерттеудің міндеті азаматтардың «Заң мен тәртіп» қағидатының маңыздылығын қаншалықты терең және дұрыс түсінетінін және оны күнделікті өмірде қалай түсіндіретінін және қабылдайтынын анықтау болды.
Сауалнама көрсеткендей, балалардан бастап қарттарға дейінгі барлық жастағы топтардың азаматтары «Заң мен тәртіп» қағидатының мәнін дұрыс түсінеді. Сауалнамаға қатысушылар заңның орындалуы лауазымына, әлеуметтік жағдайына немесе өмірлік жағдайларына қарамастан әрқайсысы үшін міндетті болуы керек екенін атап өтті.
Көбісі жеке мысалдың қажеттілігін және әр азаматтың құқықтық мемлекет құруға белсенді қатысуын жақтады.
Социологиялық зерттеу азаматтардың заңды сақтаудың және қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңыздылығын түсінуінің жоғары деңгейін көрсетті.
Бұл қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру бойынша одан әрі жұмыстың маңыздылығын көрсетеді.
#Заң_мен_Тәртіп