ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ Р.СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ САЗДЫ-ДРАМА ТЕАТРЫ XXVI ЖАҢА МАУСЫМЫН БАСТАДЫ

Түркістан қаласындағы Р.Сейтметов атындағы сазды-драма театры өзінің XXVI жаңа маусымын бастады. Маусым шымылдығы белгілі драматург Ж.Нәжімеденовтың «Хат тасушы» драмасымен ашылды.
Қойылымда соғыс жылдарындағы ауыр тағдыр, майданнан қаралы хабар жеткізген хат тасушының жан күйзелісі мен ел ішіндегі қасірет көрініс тапқан. Көрерменге терең ой салатын, тарихи кезеңнің шындығын бейнелейтін бұл драма театр маусымының ерекше бастамасы болды. Жыл сайын сахналанатын дәстүрлі қойылым биыл да көрермендердің көңілінен шықты.