ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕР БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалының Саяси кеңес Бюросы мен қалалық мәслихаттағы партия фракциясының бірлескен отырысы өтті. Жиынға партия филиалының төрағасы Мұрат Жолдыхожаев, қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, партия филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, Әйелдер қанатының төрайымы Наргиза Керімбаева, сондай-ақ, Саяси кеңес Бюросының мүшелері мен мәслихат депутаттары қатысты.
Іс-шарада «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының өңірдегі әйелдердің азаматтық белсенділігін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы талқыланды. Партия филиалының төрағасы Мұрат Жолдыхожаев әйелдердің қоғамдағы рөлі мен белсенділігін арттырудың маңыздылығына тоқталып, бұл бағытта қала әкімдігімен бірлесе тиісті жұмыстар қолға алынғанын атап өтті. Сәрсен Абайұлы шаһарда қала әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия тұрақты жұмыс істеп жатқанын, әйелдерді жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғауда оң ілгерілеу бар екенін айтты.
Ал, әйелдер қанатының төрайымы Наргиза Керімбаева жыл басынан бері жүзеге асқан нақты жұмыстарға тоқталды.
— 2025 жылдың басынан бері белсенді әйелдер қатысқан 70-тен астам іс-шара өткізілді. Қазіргі таңда Әйелдер қанаты 150-ден астам белсенді әйелді біріктіреді. Олардың қатарында мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, медицина, білім, мәдениет, ғылым және БАҚ өкілдері бар, — деді Наргиза Керимбаева.
Партияның қоғамдық қабылдау бөлмесінде әйелдерге арналған ай сайынғы жеке қабылдаулар тұрақты түрде өтуде. Мұнда психологтар, заңгерлер және мемлекеттік органдар өкілдері тұрғындарға көмек көрсетеді. Нәтижесінде 18 әйел жұмысқа орналасып, 15-і заңгерлік кеңес алған, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына психологиялық қолдау көрсетілген. Күн тәртібінде сондай-ақ, «AMANAT» партиясының 2023–2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» қалалық сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру барысы талқыға түсті. Фракция мүшелеріне тиісті бағыттар бойынша нақты ақпарат жинап, партия филиалына жолдау тапсырылды.








