САЙРАМ АУДАНЫНДА ӨТКЕН СЕНБІЛІККЕ 4 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ АТСАЛЫСТЫ

20

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Сайрам ауданында ауқымды сенбілік өтті. Тазалық жұмыстары барысында ауданға қарасты 11 ауылдық округте бей-берекет тасталған күл-қоқыстар жиналып, шөптер шабылды. Сондай-ақ, қураған ағаш бұтақтары кесіліп, арық-атыздар қалдықтардан тазартылды. Сонымен қатар, ауданның табиғи келбетін жақсарту әрі жасыл желекті көбейту мақсатында Ақбұлақ-Қарамұрт бағытындағы тас жол бойына 400 түп қара ағаш көшеті отырғызылды.

Сенбілікке жалпы саны 3 872 адам қатысып, 15 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 13 тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдық шығарылды. Шара — қоршаған ортаны тазартып, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған. Ауқымды сенбілік — ауданның экологиялық ахуалын жақсартып қана қоймай, қоғамның бірігуіне, ортақ іске атсалысуға серпін берді.