ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНДЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ — ОБЛЫСТЫҢ ҮЗДІГІ АТАНДЫ.

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жыл көшбасшылары» жобасы аясында облыстағы әр саланың кіл мықтылары анықталып, «Үздік жастар премиясы – 2025» байқауының марапаттау кеші өтті.
Аталған байқау, өңірдегі мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру және мемлекеттік жастар саясатының дамуына, елдің саяси және қоғамдық өміріне белсене араласып, ерекше үлес қосқан жасазаматтарды, түрлі салада өзінің білімімен, талантымен, белсенділігімен топ жарған жастарды анықтау және марапаттау мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шараның ашылу салтанатында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Болат Серікұлы құттықтау сөз сөйлеп, жастардың жетістіктері мен олардың қоғамдағы рөлі туралы сөз қозғады. Сондай-ақ жастардың еңбекқорлығы мен ынтасын жоғары бағалап, әр салада үздік көрсеткіштерге қолжеткізген жастарға табыс тіледі.
Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Жыл көшбасшылары» — «Үздік жастар премиясы – 2025» байқауында Қазығұрт аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-сі үздік атанды. Сонымен қатар, «Таза Қазақстан экологиялық жобасының үздік жасы» номинациясын Қайрат Ақтөре Мейіржанұлы иеленді.








