ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС XLV КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

239

Бүгін «AMANAT» партясы Түлкібас аудандық филиалының кезектен тыс XLV конференциясы өткізілді. Партия мүшелерінің басын біріктірген конференция жиынын филиалдың атқарушы хатшысы Қ.Еркебаев жүргізді. Жиынға «AMANAT» партиясы Түлкібас АФ төрағасы, аудан әкімі Н.Байғұт, аудандық мәслиахаттың хатшысы С.Сейсенбаев, БПҰ төрағалары, аудандық мәслихаттың депутаттары, БПҰ-нан сайланған делегаттар қатысты. Конференцияның күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.

1) «AMANAT» партиясының Саяси тұғырнамасын талқылау;

2) «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс ХLVI (46) конференциясына делегаттар сайлау туралы;

3) Аудандық партия филиалы Саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу туралы. Күн тәртібіне қойылған 1-ші мәселе партияның Саяси тұғырнамасын талқылау жөнінде филиалдың атқарушы хатшысы Қ.Еркебаев кеңейтілген түрде баяндама жасады. «AMANAT» партиясының жаңа саяси Тұғырнамасы ағымдағы жылдың наурыз айында іске қосылып, толық ауқымды партиялық трансформацияның бір бөлігіне айналды.

Бұл Платформа — Қазақстанның басты қоғамдық күшінің болашаққа деген көзқарасын, даму бағдарларын, қағидаттары мен саяси мақсаттарын қамтитын, «AMANAT» партиясының елімізде болып жатқан өзгерістерге берген жауабын ұсынатын басты идеологиялық құжат болып табылады.

Саяси платформа ашық бірлескен талқылаудың нәтижесі болып, оған партияластар, депутаттар, сарапшылар қауымдастығының өкілдері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, азаматтық белсенділер белсенді қатысты.

Партияның жаңа саяси тұғырнамасының жобасын талқылау жөніндегі жұмыс тобының отырыстары республикалық және өңірлік деңгейде, Астана қаласында партия төрағасы Ерлан Қошановтың басшылығымен, сондай-ақ Алматы қаласында көшпелі сараптамалық талқылау шеңберінде өтті.

Әлеуметтік сауалнамаға еліміздің 17 облысы мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы партияның 18 жастан асқан 42 859 мүшесі қатысты. Партиялықтар 1000-нан астам бастама жіберді.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы жыл басында басталған елімізді саяси-экономикалық трансформациялаудың заңды жалғасы болды деп негізгі 5 бағытқа тоқталып өтті. Жолдауда айтылғандай келесі жылдың бірінші жартыжылдығында Мәжіліс пен облыстық, аудан-қалалық мәслихат сайлаулары күтіп тұр.

Әсіресе, жаңа Конституцияға сай толықтай мажоритарлы жүйеде (өзін жеке ұсыну арқылы) өтетін аудан-қалалық 275 депуттаттық мандат үшін өте тартысты бәсеке болады. Облыстық мәслихаттағы 45 орынның да 50 пайызы электораттың тікелей дауыс беруімен сайланады. Оның ішінде 30% әйел азаматтар, ал 20% жастар болу қағидаты тұр. Сондықтан баршамыз осы бастан алдағы және келесі жылғы өте қиын саяси науқандардан тұрақтылықты сақтап өтудің жоспарын қарастыруымыз керек. Партия жұмысын қайта жаңғырту мақсатында партияға елдің алдында абырой — беделі мен азаматтық ұстанымы бар азаматтарды тарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл қадам — партияның беделін арттыру ғана емес, аудандағы өзекті мәселелердің шешу жолдарын қарастыруға, халықты ынтымақ пен ауызбіршілікке шақырып, тұрақтылықты қамтамасыз етуге жол ашады. Жиын барысында Партия жанындағы «Ауыл аманаты» және «Жер аманаты» комиссияларының жұмысына тоқталып негізгі принциптері мен ерекшеліктеріне тоқталып өтті. Қазіргі таңда Партия жұмысын қайта жаңғырту мақсатында партияға елдің алдында абырой — беделі мен азаматтық ұстанымы бар азаматтарды тарту жұмыстары жүргізіліліп жатқандығын ерекше атап өтті. Бұл қадам өз кезегінде — партияның беделін арттыру ғана емес, аудандағы өзекті мәселелердің шешу жолдарын қарастыруға, халықты ынтымақ пен ауызбіршілікке шақырып, тұрақтылықты қамтамасыз етуге жол ашады. Сонымен бірге жарыссөздерге партия ардагері С.Таңатбаев, ауданның төбе биі, аудандық мәслихаттың депутаты Ө.Маткеримов, Жастар ресурстық орталығы»-ның қызметкері – Д.Зиябек шығып, конференцияның күн тәртібіндегі қаралған мәселелерге өз пікірлерін білдірді. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша филиалдың есепке алу және статистика секторының меңгеруші партия мүшелеріне облыста өтетін және ХLVI (46) конференциясына ұсынылған тізімін атап өтті, ол бірауыздан қабылданды. Күн тәртібінде соңғы мәселе бойынша Партия аумақтық филиалының Саяси Кеңесінің жаңартылған құрамын таныстыру жаңадан тағайындалған «Кемербастау» бастауыш партия ұйымының төрағасы, конференция делегаты–Досов Біржан Бейбітжанұлы таныстырып, өз кезегінде мақұлданды. Жиын соңында аудандық партия филиалының төрағасы Байғұт Нұрлан Мархабатұлы жаңа үлгідегі партия билеттерін партия мүшелеріне табыстап, жиынды қорытындылады.