ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНДА 5,7 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

154

Сауран ауданында «Дүниежүзілік тазалық күніне орай дәстүрлі «World Cleanup Day 2023» экологиялық акциясы өтті. Акцияның мақсаты — халықты біріктіре отырып, аумақтарды қоқыстардан тазарту.

Тазалық акциясына ️389 адам қатсыты. Оның 134 -і мемлекеттік қызметкер. Сонымен қатар, акцияға аудан тұрғындары мен жастар белсене қатысты. Нәтижесінде 5,7 тонна қоқыс шығарылды. 3 техника жұмылдырылды. Аудан аумағындағы саябақтар, арық-атыздар, көшелер күл-қоқыстан толық тазартылды.

Ауданның әр тұрғыны өзі тұратын үйдің ауласын таза ұстаса, өңір тазалығына

Өз ауылының тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Қоршаған ортаны сақтау және қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін арттыруға тазалық акцияларының маңызы зор.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі