АУДАН ӘКІМІ ЖЕЛТОҚСАНШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

3

Бүгін аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы мен аудандық мәслихат трағасы Уәлихан Ұзақов 16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі аясында желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесті.

Кездесуде аудан басшысы желтоқсан оқиғасының ызғары мен бейбіт күннің бағасы жайлы айтып, еркіндіктің қадіріне жете білудің маңыздылығын атап өтті.

Аудан әкімі өз сөзінде: «Сіздерді барлық игілігіміздің бастауы болған ұлы мереке – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Биыл еліміздің тәуелсіздігіне 34 жыл, ал 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына 39 жыл толып отыр. Тәуелсіздік – халқымыз үшін ерекше қастерлі күн. Біз еркіндігімізді әрдайым мақтан тұтып, қастерлеуге тиіспіз. Сіздер – бүгінгі күннің батырларысыздар. Ерліктеріңіз бен отансүйгіштік рухтарыңыз өскелең ұрпаққа әрқашан үлгі бола бермек», – деді.

Сондай-ақ, аудандық мәслихат төрағасы Уәлихан Жамалханұлы желтоқсан оқиғасының маңызы тек сол күндермен шектелмейтінін айтып, ол тәуелсіздікке жету жолындағы күрестің бастауы болғанын жеткізді.

Іс-шара барысында желтоқсаншылар ел тарихындағы маңызды кезеңде бастан кешкен оқиғалары мен естеліктерімен бөлісті.

Жиын барысында Желтоқсан оқиғасына қатысып, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына үлес қосып келе жатқан желтоқсаншыларға «Отырар ауданына 90 жыл» мерекелік медалі табысталды.