САЙРАМ: СЕНБІЛІК АЯСЫНДА 400 ҚАРАҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

2

Бүгін Сайрам ауданында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында кең көлемді сенбілік өткізілді.

Акция шеңберінде Ақбұлақ–Қарамұрт бағытындағы тас жол бойында 400 қарағаш көшеті отырғызылды.

Іс-шараға Сайрам ауданы әкімі аппараты, аудандық AMANAT партиясы, Ақбұлақ ауылдық округі және “Көрікті Сайрам” КММ қызметкерлері қатысты.

Сонымен қатар ауданның 11 ауылдық округі өздеріне бекітілген секторлар бойынша санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізді.

Тазалық барысында:

  • ирригация жүйелері;
  • аяқ жолдар мен көше бойлары тазартылды;
  • қураған ағаштар кесіліп, шөптер жиналды;
  • жалпы аумақ ретке келтірілді.

Сенбілікке 3 872 адам қатысып, 15 техника жұмылдырылды. Барлығы 13 тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылды.