«ҮЗДІК АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ТОБЫ – 2025» НОМИНАЦИЯСЫН ШАРДАРА АУДАНЫ ИЕЛЕНДІ

27

Түркістан облысында «Үздік ақпараттық-түсіндіру тобы – 2025» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқаудың мақсаты – дін саласында шығармашылықпен жұмыс істейтін мамандарды анықтау, қолдау, тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру және олардың кәсіби біліктілігін арттыруға ықпал ету.

Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, үздік атанған мамандарды құттықтап, олардың қоғамдағы маңызды рөлін атап өтті.

Жиын барысында елімізге белгілі дін ғалымдары, өнер, спорт және мәдениет саласының өкілдері, сондай-ақ қоғамдық пікір көшбасшылары қала және аудандарды аралап, тұрғындармен кездесулер өткізіп, мазмұнды сұқбаттар жүргізгені айтылды.

– Биыл облыстық дін істері басқармасы «Үздік ақпараттық-түсіндіру тобы» байқауын үшінші рет ұйымдастырып отыр. Алдағы жылдары да бұл бастама жалғасын табады деп сенемін. Сала мамандары келесі жылы да жұмыстарды сапалы әрі нәтижелі атқарады деген үміт бар, – деді Ертай Кенжебекұлы.

Байқау нәтижесінде Түркістан облысында «Үздік ақпараттық-түсіндіру тобы – 2025» номинациясымен Шардара ауданы әкімінің орынбасары Туребеков Бейсенбай Тасболатұлы марапатталды.