САЙРАМ: СЕНБІЛІК АЯСЫНДА 400 ҚАРАҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Бүгін Сайрам ауданында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында кең көлемді сенбілік өткізілді.
Акция шеңберінде Ақбұлақ–Қарамұрт бағытындағы тас жол бойында 400 қарағаш көшеті отырғызылды.
Іс-шараға Сайрам ауданы әкімі аппараты, аудандық AMANAT партиясы, Ақбұлақ ауылдық округі және “Көрікті Сайрам” КММ қызметкерлері қатысты.
Сонымен қатар ауданның 11 ауылдық округі өздеріне бекітілген секторлар бойынша санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізді.
Тазалық барысында:
- ирригация жүйелері;
- аяқ жолдар мен көше бойлары тазартылды;
- қураған ағаштар кесіліп, шөптер жиналды;
- жалпы аумақ ретке келтірілді.
Сенбілікке 3 872 адам қатысып, 15 техника жұмылдырылды. Барлығы 13 тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылды.








