САЙРАМ АУДАНЫНДА МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС XXXIII СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін Сайрам ауданында сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз үшінші сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімі, аудандық мәслихат төрағасы, халық қалаулылары және аудан әкімдігі қызметкерлері қатысты.
Отырыс «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылды.
Сессияда алдымен Сайрам ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы шешімге өзгеріс енгізу, сондай-ақ, Сайрам ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы шешімге өзгеріс енгізу мәселелері қаралды.
Сондай-ақ, “Б” корпусы мемлекеттік қызметшілерін бағалау әдістемесін бекіту секілді басқа да маңызды мәселелер талқыланды.
Халық қалаулылары ұсыныстарды тыңдап, жан-жақты талқылап, ауданның дамуына бағытталған бастамаларға қолдау білдірді.








