ШАРДАРА: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ ОРМАНОВ ЕРБОЛ КЕРІМБЕКҰЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН ЖИЫН ӨТКІЗДІ

4

Бүгін аудан әкімдігінде Түркістан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Орманов Ербол Керімбекұлы мемлекеттік қызметшілермен жиын өткізді.

Аталған жиынға қала, ауыл әкімдері, мекеме, бөлім басшылары және мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Алдымен сөз алған аудан әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Шомпиев Бауыржан Қуанышбайұлы ауданда атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Ербол Керімбекұлы мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау стандарттары туралы айта келе, мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің әдептілік қағидаттарын сақтауға, әріптестермен қызметтік қарым-қатынас қағидаларын орындауға және өзін дөрекі ұстамауға, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге тиіс екендігін айтты.

Бұдан бөлек жиында мемлекеттік қызметкердің әкімшілік жауапкершілігі туралы айтылып, мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуына тиым салынатындығы ескертілді.

Облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі талаптарын сақтау, әкімшілік құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында тұрақты түрде түсіндірме жұмыстарын жүргізуді атап өтті.

Жиыннан кейін Ермек Керімбекұлы жеке қабылдауға жазылған азаматтарды қабылдады.