ШАЛҒАЙ ЕЛДІ МЕКЕНДЕГІ СПОРТ АЛАҢШАСЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

7

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Әлімтау ауылдық округіне жұмыс сапары барысында округ аумағындағы ашық спорт алаңшасының жөндеу жұмыстарымен танысты. Аудан басшысы аталған нысанды алдағы уақытта күтіп-ұстау және тиімді пайдалану жұмыстарын үйлестіруді ауылдық округ әкіміне тапсырды.

Әлімтау ауылдық округіне қарасты Әлімтау елді мекеніндегі ашық спорт алаңшасында жеке кәсіпкер «Казыбеков» тарапынан ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстары аудандық бюджет есебінен жүзеге асырылды. Атап айтқанда, алаңшаға жасыл төсеніш пен құм төселіп, ұзындығы 50 метр болатын тор (сетка) ауыстырылды. Сонымен қатар, 4 жарық шамы орнатылып, сырлау жұмыстары толықтай атқарылды.

Айта кетсек, жаңартылған спорт алаңшасы ауыл тұрғындарына, әсіресе жастардың спортпен жүйелі айналысуына қолайлы жағдай жасалды.