МӘШҺҮР ЖҮСІП ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШ-ТІЛЕКТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

Сауран ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев дербес бөлім басшыларымен бірге Мәшһүр Жүсіп елді мекеніне барып, ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерге қатысты өтініш-тілектерін тыңдап, көтерілген әрбір сұрақ бойынша нақты жауаптар берді. Сондай-ақ, салалық бөлім басшылары өз құзыреттері аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Тұрғындар тарапынан ауылішілік жолдарға тас төсеу, көшелерді жарықтандыру, қосымша трансформатор орнату, табиғи газға қосу, сондай-ақ жер мәселесіне қатысты бірқатар ұсыныстар мен өтініштер айтылды.
Аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев көтерілген мәселелердің барлығы назарға алынатынын атап өтіп, сұрақтар қолданыстағы заңнама мен бекітілген жоспарларға сәйкес кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді. Тиісті бөлім басшыларына тұрғындар көтерген мәселелерді зерделеп, нақты ұсыныстар әзірлеу жөнінде тапсырмалар берді.








