ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАДА АЛҒАШ РЕТ КІТАПХАНАШЫЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

311

Биыл ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 18 қазан №833 қаулысымен «24 қазан – Кітапханашылар күні» болып кәсіби мерекелер қатарына қосылды. Осындай айтулы мерекеге орай Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында «Махаббатым кітап – мамандығым кітапханашы» атты іс-шара өтті.

Мерекелік шараға облыстық кітапханамен қатар, Кентау мен Түркістан қалалық, Сауран аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашылары және Түркістан облысының зиялы қауым өкілдері қатысты. Елімізде биыл алғаш рет тойланып отырған бұл мереке осы мамандық иелеріне деген сый-құрметтің нышаны деуге болады.

Шара барысында кітапханашылар ән мен жырдан шашу шашып, гимн орындады. Сондай-ақ еңбегі ерен кітапханашылар облыс әкімінің, облыстық мәдениет басқармасы басшысының және облыстық кітапхана директоры атынан алғыс хаттармен марапатталды.